Табысты әрі танымал жұлдыз Джеки Чан, Астанаға келген сапарында Димаштың кино әлемінде де бағы жанады деп болжаған еді. Аталмыш салада жас өнерпаздан үлкен үміті барын да жасырмаған. Алайда, әйгілі актердың жоғары бағасын алған қазақ баласы бұл ұсынысты қалай қабылдады?!
Қытайлық танымал шоулардың біріне қонақ ретінде шақырылған қазақ баласы үшін бұл бағдарлама тосын сыйларға толы болды. Бір сағат бойы тікелей эфирде жолданған сауалдардың легі әншінің сүйікті актеры жайында.
Димаш Құдайбергенов, әнші: -Әрине, Джеки Чан! Мен Джеки Чанды қатты жақсы көретінімдігім соншалықты, қытайша түсінбесем де кинотеатрға барып соны көрген болатынмын. кинотеатрда бір өзім ғана отырып, қасымда достарыммен.
Димаштың дәл осы сөзінен кейін, шоу жүргізушісі оны сынақ алаңына шақырды. Джеки Чан ойнаған кинокартиналардан қазақ баласы қаншалықты хабардар?!
Димаш Құдайбергенов, әнші: -Джеки ағамызбен алғашқы танысқан кезде, ол кісі менің өнеріме жоғары баға беріп. Ықыласын білдіріп, кеңестер беріп жатқан кезде, сөзін бөле салып, Джеки ағамның киносын жақсы көретінімді бірден шыдай алмай айтып қойған болатынмын.
Қытайлық телешоудың Димаштың актерлық қабілетін байқау мақсатында, түрлі сынақтар ұйымдастыруы тегін емес! Өйткені, өткен аптада, Астанаға ат басын бұрған Джеки Чан, Құдайбергеновті киноөндірістен көргісі келетінін айтқан-ды!
Димаш Құдайбергенов, әнші: -Бір интервьюінде Димаштан үлкен бір актер шығады, үміттенемін деп айтқан. Бірақ ол кісі қанша жерден тамаша әнші болса да, мықты жан-жақты продюсер, режиссер, көптеген бағытта жүрген кісі ғой. Бірақ, өзінің ең алғашқы ұстанымы актер болғандықтан, басқа салада қосымша жұмыс жасап жүр. Ал, менің актер есебінде мүлдем тәжірибем жоқ, Сол себепті әнімді айтып жүре беретін шығармын.
Бұл бағдарламада Димаш шоу жүргізушісіне өзінің қолтаңбасы қойылған ұлттық аспабымызды ұсынып, кеш соңында халық әні «Бір баланы» шырқап берді...