Мелания Трамптың да жеке өмірі мен махаббат хикаясы жиі талқыға түседі. Дегенмен, АҚШ-тың бірінші ханшайымының ел алдына шыққан әр образы хақындағы мақтау мен мін өз алдына бөлек әңгіме. Көпшілік оның көйлегі саяси шиеленіс тудырды деуден де танбайды. Бұл жолы, ол маңызды кешке іш киімшең келді деп сын садағына ілікті.
Миллиондаған жанардың өзіне қадалғанын жақтырмай, бірінші ханымның рөлін алып жүру арқасына ауырлық етсе де, Мелания Трамптың әр басқан қадамы аңдулы. Әйтпесе, жәй ғана театрға киіп барған жібек маталы дизайнерлік көйлегі осынша дау тудырар ма еді? Ақ үй отанасының мінсіз талғамына әбден бой үйретіп алған фэшн сыншылар, Monique Lhuillier сән үйі жасаған луктың сәтсіз шыққанын айтып дабыл қақты. Тіпті, 2595 доллар тұратын көйлектің құны да Трамп ханымның беделіне сәйкес келмейтін арзан баға деп шуласты.
Меланияны киіндіруден бас тартып, шу шығарған ақ үйдің бұрынғы сәнгерлері бармақ тістеп қалған болар. Себебі, бикештің талғамы талайға таңдай қаққызғаны сөзсіз. Көпшілік, ханымның әр образынан саяси астар іздейтін болды. Мәселен, Вашингтонға арнайы сапармен келген Аргентина Президенті мен оның жұбайын милитраи үлгісіндегі көйлекпен қарсы алған Меланияға сыни пікір қарша борады. Әскери стиль онсыз да шиеленісіп тұрған екі жақты қарым-қатынасты өршітті деп айыптады. Бірікккен Араб Әмірліктерінде де қалыптасқан ережеге бағынбағаны тағы бар. Шарт бойынша бұл елге табан тіреген кез-келген саяси ханшайымдар орамал жамылып, ұзын көйлек киюі қажет. Трамп сылқым шалбармен барды. Испания королінің жұбайы Литицияның тым қысқа көйлектері де жиі талқыға түседі. Бірақ, ханшайым түп-түзу аяқтары мен мінсіз мүсінін айшықтай түсетін образдардан бас тартқан емес. Иордания королдігінің бірінші ханымы кербез Рания аль Абдулла, түрлі-алып қашпа әңгімеден бойын аулақ ұстау үшін етігін мейлінше жабық ұстауға тырысады. Дегенмен, сәнқойдың талғамы назардан тыс қалған емес.