Алматылық Денис есімді жүргізуші өзінің ескі Ваз-2106 көлігін сайттардың бірінде сатқысы келген. Бірақ, жұртты автодан гөрі, жарнамалық мәтін қызықтырды. Оның сәтті жазылғаны соншылақты, ғаламтор қолданушылары көлікті лезде танымал етті.
- Көлігімді сатамын, жағдайы күмәнді, бағасы символикалық... Бастысы жүреді, тек жазда кондиционері болмағандықтан, іші тозақтағыдай ыстық. Жол-көлік апатына түспеген, бірақ тұмсығы аздап майысқан, мүмкін бұрынғы иесі ұрған болар. Көп уақытын гаражда өткізуді сүйетіндер үшін таптырмас көлік, себебі жөндейтін жері көп. 37 жастағы Денис Почикин өмір бойы Алматы қаласында тұрып келеді. Біршама жыл бойы троллейбус жүргізген ол, кейін қысқартуға ұшырап қазір аула сыпырушы болып жұмыс жасайды. Қосымша көлік жөндеп те ақша табады. Қара жұмысқа арланбайтын адал азаматтың жалғыз кемшілігі - ұяңдығы. Көлігінің жарнамасын келістіріп жазып берген оның жақын досы екен. Денис Почикин, Алматы қаласының тұрғыны: – Мен өз досыма көлігімді сатамын, хабарландыру жариялап бер деп өтіндім. Суреттер жіберіп, автоның мінездемесін айттым. Мәтінді ол өзі жазды. Соңғы екі аптада қоңырау шалушылардың саны күрт өсті. Кейбіреулер маған да осындай хабарландыру жазып берші деп сұрайды. Қазір хабарландыруымды 100 мыңнан астам адам қараған. Денис ВАЗ-2106 үшін 500 мың теңге сұрайды. 1997 жылы шыққан бұл көліктер құнының дені 350-400 мың теңгеден басталады. Уақытында жөндеп, күтіп айдасаң сенімді серігің, - дейді ол өз автосын. - Сипаттамасы тамаша, қаншама міні болса да, оқуға өте жағымды, көңілімді көтерді. - Автор жарайсың! Көлік иесінің куәлігінде оның фамилиясы Есенин емес пе екен? Әдеби шығарма оқығандай болдым, менің де көлігім туралы жазып беріңізші. Қазір темір тұлпарларын сатуды қалайтын көптеген автожүргізушілер, Дениске хабарландыру жазып бергені үшін ақша төлеуге де даяр. Денис Почикин, Алматы қаласының тұрғыны: – Ел-жұрт бұл хабарландыруды Пушкин жазған деп әзілдеп пікір қалдырыпты. Көршілерім де разылығын айтуда. Осыншама резонанс болады деп күтпедім. Бұл көлікті екі жыл сенімді айдадым, мені жолда қалдырмады, өзі үнемшіл. Бағасын қымбатсынады көпшілігі. Мен мұны сатып үстінен ақша қосып жаңалау көлік алғым келеді. Қазнетте осы тектес қызықты жарнамаларды көптеп кездестіруге болады. Бір жылдары алып кемені коттеджге айырбастаймын деген хабарландыру да шыққан еді. Құрбан айт қарсаңында, соғым науқанында ғаламторда мал саудасын қыздыратындар да баршылық. Атыраудағы матчтан кейін «Қайрат» футболшысы Жеррар Гоудың бас киімін ұрлап қашып, кейін оны саудаға шығарған жанкүйер де ел есінде. Сататын дүниесінің жарнамасын білікті маркетологтан кем жасамас мұндай тыпқырлар халыққа әркез көңіл сыйлайды.Алматылық жүргізушінің тапқыр мәтінмен сатылымға шығарған көлігі Қазнет жұлдызына айналды
22.05.2017