Секс-құлдықпен айналысатын жеңгетайлардан сақтанудың жолдары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром
Астана қаласына 20 жасар қызды әйелдікке аламын деп алдап апарып, кейін секс-құлдыққа сатқан адам ұсталды. 33 жасар Тараз қаласының тұрғыны бұл еңбегін 50 мың теңгеге бағалаған екен. Анаммен таныстырамын деп өтірік айтып, өзі сөз байласқан қызды қылмыскер бөтен азаматтың қойнына салмақ болған. Бұрымдыны жыныстық сауданың нысаны еткісі келгендер ұсталды. Бұл бүгінде біз естіп отырған статистиканың бетпердесі ғана. Секс-құлдық деген терминге отандастарымыздың қазір құлағы үйренгендей. Себебі, 21-ші ғасырда мұндай оқиғалар қылмыстық хроникалардан жиі бой көрсете бастады. Қаракөздеріміздің көпшілігі шет елде жақсы жұмыс пен табыс бар деген жарнамалардың қармағына ілініп жатыр. Кейбіреулерін тіпті өзінің ет жақындары жаттың құшағына апарып жатқызған оқиғалар да бар. Айман Омарова, адвокат: - Мысалы, енді алдап алып кететін болса, сондай жағдайлар бар. Кореяға, Дубайға үй жинайсың, тәрбиеші боласың деп алып кететін болса, ешқандай жауапқа тартылмайды олар. Cебебі олар алданғандар. Егер өздері жезөкше болатын болса, ол басқа. Дубай, Корей, Қытай, Малайзия, Түркия секілді туристік әлеуеті дамыған елдерде қыздарымыз секс-құлдыққа жиі ұшырайды екен. Себебі, ол жақтағы секс-құлдықтың нарығы қайнап тұр. Клиенттердің де басым бөлігі өзге мемлекеттен меймандатып келгендер. Қазақстан ішінде де: «өзге қалада күреп ақша табасың» деген өтірікке еріп кете баратын бойжеткендер осы қылмыстың басты құрбандары. Сақтықтың не екенін сол қыздарға ұқтыратын үлкендердің рөлі осы сәтте үлкен. Ал, құрықталған жеңгетай топтардың заң алдындағы жазасы аса қатаң. Айман Омарова, адвокат: - Ол не үшін ашық жазады? Неге құқық оргардарынан қорықпайды? Фейкті білеміз, қалай ұстау керектігін. ID бар, ұстауға болады. Мысалы, адам саудасы бойынша, егер де біріккен топтар болса, егер де қылмыстық топтар жасаса 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Секс-құлдыққа сатылған жәбірленушілердің статистикасы жан түршігерлік. Бұл қылмыспен іште де, сыртта да күресудің тиімді тәсілі заңды күшейту.