Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісіне қоққан-лоққы көрсеткен кім?
20.04.2017
Кәмшат Жолдыбаеваның сіңілісіне көзі түскен бейтаныс жігіттер, әнші қыздың әр қадамын аңдып, ақыры пәтеріне басып кірген. Тосыннан тығырыққа тірелген Алтынай, еңгезердей ер адамдарға қалай төтеп берді?
Алтынай жалғыз емес! Қасында үш бірдей құрбысы бар. Дәл осындай оқиға желісіне құрылған сценарий бойынша, «JayRun» тобының сылқымдары «Аймалашы» атты әніне кезекті клипін таспалап жатыр...
Алтынай Жолдыбаева, «JayRun» тобының әншісі:
- Қысқаша айтқан кезде, бір үлкен үйдің ішінде 4 әдемі қыз өмір сүреді. Соларға ұры түседі. Ұрылардың бар ойы... үйден зат шығарып алу үшін, түседі ұрлыққа. Олар біліп келеді сонда әдемі қыздар тұратынын...
«Джейрандық» қыздар қандай жағдай туындаса да, төтеп беруге дайын. Мәселен, бірі қару-жарақпен қарақшыларға қарсы тұрса, екіншісі күрестің әдіс-тәсілдерін қолданбақ.
Алтынай Жолдыбаева, «JayRun» тобының әншісі:
- Менің ойнайтын рөлімде, менің персонажым ол кішкене күреске икемі бар қыз. Актриса болғандықтан, біз «сахна қозғалысы» деген пән өткенбіз. Сол пәнде де біздер күрестің әр түрлі элементтерін өткен болатынбыз. Шынай кәсіби каскадерлар маған бір-екі қимыл қозғалыстарын көрсетті, мен оны жаттап алдым.
Бұл бейнебаянда өрбитін оқиға желісі делік! Ал, көркі көз сүріндіретін сылқымдардың тың туындысында, көрермен сынына қалатын кадрлары жетерлік екен.
Алтынай Жолдыбаева, «JayRun» тобының әншісі:
- Критикаға біз өте жақсы дайынбыз. Өйткені бастапқыда айтып кеткендей, әннің аты «Аймалашы». Кішкене көбірек критика болатынын өзіміз біліп тұрмыз. Ашық болғанмен де бәрі тәтті, өте әдемі. Өте жоғары деңгейде болады деген ойдамыз.
«Аймалашы» әнінің авторы Иван Бреусов. Бұл туындының бастапқы нұсқасы орыс тілінде жазылған. Алайда, аталмыш әнді аттай қалаған «Джейрандық» арулардың ұсынысынан, Иван бас тарта алмапты. Ал, қарақшылар мен қыздар арасындағы айқасты суреттейтін клип, келесі айда көпшілікке ұсынылады.