Қорлан Мәди тұңғыш капсулды топтамасын Kazakhstan Fashion Week-те таныстырды
14.04.2017
Модель Kazakhstan Fashion Week-тің Еуропадағы елшісі және осы сән апталығының бренд-амбассадоры болып бекітілген. Дегенмен, подуимда бой көрсетпеді. Есесіне, «Change» атты капсулды коллекциясын сатылымға шығарды. Италлиялық суретші-каллиграфист Вариорспен бірлесе жасаған топтамада өнер мен сән ұштастырылған!
NAILYA бренді Милан сән апталығы аясындағы көрмеге қойылған топтамасымен Fashion Week шымылдығын түрді! Әлемдік сән астанасы шабыттандырған болуы керек, дизайнер еркіндіктің белгісі ретінде модельдерінің бәрін жалаңаяқ шығаруды ұйғарған. Ер адамға биік тақалы туфли кигізгені тағы бар.
Перфекционизмді жалау еткен Игорь Гуляев, үйреншікті лакшери топтамасын ұсынды. Коллекциясын таныстыру бағыты да өзгеше!
«Іә» брендінің де тұсауын Kazakhstan Fashion Week кесті! Латын мен кирилицца әріптерінен тұратын атаудың өзі, этника мен еуропалық стильдің үндестігі іспетті бағытымызды айқындайды, - дейді сәнгер.
Ая Бапанидің Ванкувер сән апталығы мен Дубай төрінде таныстырған топтамасы, отандық сәнқойлардың да талғамына дөп келген сынды! Коллекциясының бағыты бұрынғыдан өзгере қоймаса да, бірнеше жылдан бері Kazakhstan Fashion Week-тен іргесін аулақ салған дизайнерді көпшілік сағынып қалғандай!
Аида Кәуменованың этникалық стильдегі рrêt-a-porte топтамасы Kazakhstan Fashion Week-тің нүктесін қойды.