Қайрат Нұртас анасына қандай тарту табыстады?
14.04.2017
Биылғы туған күн - мерейтой емес! Десек те, дүркіреп өткен қуанышта қазақ өнеріндегі халық әртісінен бастап, хитмендерге дейін бой көрсетті. Бұл бас қосуда әдеттегідей әртістердің ақ тілегі, жұлдыздардың жылы лебізі жолданып, Гүлзира ханымның құшағы гүлге толды. Ал, анасының жеке мейрамында тосын сый жасауға құштар ұлы, он ойланып, мың толғанып бір шешімге келген...
Қайрат Нұртас, әнші:
- Анамызға шынымды айтсам, не сыйларымды да білмедім. Үй де сыйладым, машина да сыйладым анама. Тек қана сыйламағаным: бір арқалап Меккеге апарғым келеді. Бірақ арқалап емес қой енді, өзіммен бірге Меккеге барып. Сол менің басты арманым, мақсатым, сыйлығым сол болса екен деп тілеймін!
Иә, рухани сыйлықтан анасы да хабардар! Бұл тақырып осы уақытқа дейін талай мәрте талқыға түскенімен, баяғы бітпейтін жұмыс - қолбайлау болды», - дейді Гүлзира ханым...
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
- Иә, оны көп айтады. Сол бір қолымыз тие бермейді ғой. Осыны ыңғайластырып алайық, барамыз деп жүрміз ғой енді. Алла қаласа, бұйыртқан күні болады дейді ғой. Сол бұйыртқан күні болатын шығар...
Ал, танымал продюсердің жұбайы қалтасынан қанша қаражат шығарды?
Нұртас Айдарбеков, Қ. Нұртастың әкесі:
- Енді менің ол кісіге сыйлаған нәрсем, жаңағы асыл тастан қолына жүзік сыйладым. Орысша комплект дейді ғой енді, соның бәрін жасадым.
Алайда, бұл жұп сыйлықтың нақты сомасын айтуға жүрексініп отыр.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
- Анасы көп мақтанады деп әңгіме айтады. Шынымды айтып қоямын да, бірақ халық оны дұрыс түсінбейді.
200-ге жуық қонаққа ақ дастархан жайған туған күн иесі, бұл тойға 2-ақ күн күн алдын дайындалғанын айтады. Сондықтан, тосыннан шақырылған әріптестері конверттерін қолтықтай келіпті.