Victoria's Secrets жас аналарға арналған топтамасын таныстырды
13.04.2017
Victoria's Secrets өнімдері алғашынан-ақ, сән-салтанат пен талғампаздықтың символына айналды. Нәзік жандарға тартымдылық сыйлайтын бұл бренд, өзгелерден бір қадам алда жүреді. Оған дәлел - жаңа топтама. Бұл коллекцияның ерекшелігі, кеудешелер - жеңіл жейде мен іш көйлек үлгісінде таныстырылды. Victoria's Secrets бұл жолы жас аналарды да ескерген.
Роми Стрейд, Victoria's Secrets періштесі:
- Мен бұл коллекцияға ғашықпын. Өйткені, барша әйелдер қауымына арналған. Қалыптасқан стильді өзгеше етуі, аталмыш брендтің дәрежесін еселеуде. Оған қоса, түстердің үйлесімділігі маған қатты ұнады. Әсем кеудешелерді таныстыру - біз үшін үлкен мәртебе. Ал Виктория періштелері бір отбасыдай.
Әйгілі брендтың жас аналарға арнап, топтама шығаруына сеп болған Ирина Шейк. Victoria's Secrets періштесі жүкті кезінде подиумда жүріп өтіп, дизайнерлерді шабыттырған. Дүниенің төрт бұрышынан тек үздік сәнбикелердің басын біріктіретін бұл шоуда, алдағы уақытта аяғы ауыр келіншектер де бой көрсетуі әбден мүмкін.