Гүлнұр Оразымбетованың түн ұйқысын ұрлаған актер кім?!
07.04.2017
Бүгінде Гүлнұр кумирімен кездесе алмай жүр. Бала кезде түсіне еніп, арманына айналған актер - талантымен талай аруды тамсандырған болатын. Олай болса айтайық, оқушы қыз Оразымбетованың түн ұйқысын ұрлаған кім?!
Гүлнұр Оразымбетова, әнші:
- Дәл сол кездегі балалық қой. Түрін көргім келіп, танысқым келіп, әрине бала қиялындағы талай дүниелер, таңға дейін түс көріп, Қожаны түсімде көріп деген сияқты ол сәттер болған. Қазір енді өзім ойлаймын, Қожаның рөлін ойнаған ағамызбен кездесіп, бағдарламаға шақырып, сондай бір кездескім келеді.
Ақбота Керімбекова болса, бала ғашығын айтуға алғаш рет бел буып отыр. Мұқият тыңдайық!
Ақбота Керімбекова, әнші:
- Мен кішкентай кезімде Досхан ағаға ғашық болатынмын. Сол кісінің «Бандыны қуған Хамит» деген киносы. Сол кісінің өнеріне, тектілігіне, сөйлеген сөзіне, жалпы болмысы.
Кезінде Жібектің де сұлулығына тамсанбаған жігіт, Төлегеннің сымбатына «сынбаған» сұлу жоқ шығар. Солардың бірі мына бикеш.
Индира Расылхан, әнші:
- Мен бала кезден, «Қыз Жібек» фильмінде ойнаған, Төлеген рөлін сомдаған Құман Тастанбеков ағамыздың түр-келбетіне және де өзіне ғашық болған адаммын. Сол кісі сияқты жігіт тапсам екен, сол кісіге ұқсаған, ер жүрек, намысшыл болса екен деп армандадым шыны керек.
Ал, Айкерім Қалаубаеваның қиялында шек жоқ! Әншінің жүрегін оқушы кезінде отандық актерлар емес, әлем жұлдызы жаулаған. Сонымен, биші қыздың бала ғашығы кім?
Айкерім Қалаубаева, әнші:
- Индияның актеры Шахрух Хан! Шынымен, өте қатты ұнайды. Енді Индияның, Болливудтың әртісі менің хақым бар шығар. Үйдегілер естемесін...