#МеняНеВзяли хэштегі жұлдыздарға да жетті!
30.03.2017
Ресейлік Артем Кудрявцев жұмысқа тұра алмай тауы шағылған досын қолдауға бекініп, #МеняНеВзяли хэштегімен өзінің қай кезде қызметке қабылданбағанын тізбектеген болатын. Діттегені қашанда орындала бермейтін юзерлердің де, бұл бастама оң жамбасынан келген болуы керек. Флешмобты бірден іліп ала кетті. Әуелі, «Фейсбук» өре түрегелді! Артын-ала өзге әлеуметтік желі қолданушыларының да ортақ хэштегіне айналды. Мәдина Сәдуақасова мұның себебін әр жүректің түбінде орындалмаған арман барымен түсіндіреді.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
– Ол енді менің үлкен арманым болды! Спортпен айналысқым келді. Дзюдомен мен кәсіби айналысқым келді. Бірақ, менің мамам қатты қарсы болды. Екі жыл бойы қатыссам, екі жыл бойы маған бармайсың, осы сенің маған дзюдоң ұнамайды деп естіп келдім.
Шаһизада болса, музыкалық аспаптардың біразының құлағында ойнайтын әмбебап әнші бола алмағынына қынжылады.
Шаһизада, әнші:
– Әке-шешем қарапайым кісілер ғой енді. Теміржолшы. Фортепиано классына, музыкальный мектеп дейміз ғой енді ауылда соған барамын деп естіп алғанмын ғой. 1-сыныптан бастап, 9 – шы сыныпқа дейін жылда мектепке барайыншы, музыкалық мектепке барайыншы деп. Сол арманым орындалмай қалды.
«Адал еңбегім бағаланбайды», - дейді Сиви Махмуди! Осы күнге дейін киномарапаттардан құр қалып, музыкалық бәйге мүсіншелерінің көзінен бұлбұл ұшқанына кейиді.
Сиви Махмуди, әнші:
– Маған орын бермейді, мысалы. Әшейін қызыл кілемнен өте салшы, құр әніңді айта салшы. Бірақ, саған орын жоқ деген сияқты. Ойлайсың да, жүргенімізге он жыл болды, сонда да дәрежеге жетпедік па? Өнерге сәл де болса тигізгеніміз бар ғой. Кино саласында болсын, продюсерлік саласы болсын. Қырғын шулатпасақ та, бірақ ел қатарлы жүрміз ғой.
Дегенмен, әрбір сәтсіздік келесі белестің бағынуына әсер етті дейді жұлдыздар.