Отызда отағасы атанамын! Кентал сүйіктісін таныстырды
27.03.2017
Кентал отыз жасында отағасы атанатынын кесіп айтты. Талғат, күні кеше өткен туған күнінде, сүйіктісін достарына ресми түрде таныстырған. Отандық шоу-бизнестегі сұрбойдақтың жүрегін жаулаған сұлу кім болды?
Туған күн тойлағанды ұнатпайтын Талғаттың биылғы меншікті мерекесін достары жасап беріпті. Орда бұзар отызға қадам басқан сері жайылған ақ дастарханды көріп өзі аң-таң.
Кентал, әнші:
- Бүгін достарым, 30-ға келдің анау-мынау, өзіміз отырып шай ішейік деді. Келсем маған осындай сюрприз жасап, жақындарым, достарым сыйлады осы күнді.
Кентал бұл кешке жалғыз келмеген. Талғаттың таңдауы Луна есімді орыс қызына түсіпті.
Кентал, әнші:
- Жас қыз! 24-25те. Ол енді жеке өмірім. Оны ешкімге айтпай-ақ қояйын. Ол енді құпия болсын.
Ал, думанды кешке келген әріптестері Талғаттың таңдауы жайлы қандай пікірде?
Эрик Тастембеков, продюсер:
- Егер ол сүйіктім деп бүгін таныстырса, яғни ғашығын жолықтырағаны. Бірақ, жұптарының жарасып кетуі уақыттың еншісінде. Бастысы асығыс шешім қабылдамаса болғаны.
Сая Оразғалиева, актриса:
- Көз тартарлық қыз екен. Дәл қазір дастархан басында қалыңдықты талқылап отырмыз. Танысып, біліскеннен кейін, толық ақпаратты айтатын боламыз.
Жұлдызды патиға Кенталдың өмірдегі және өнердегі ет-жақындары жиналған. Ал, әншінің достары Талғат жайлы не дейді?
Мейіржан Төребаев, актер:
- Негізі Кентал өте семіз жігіт. Орыстар айтады ғой: «Толстые бывают добрые». Рас екен. Шамалы толығырақ адамдар добрый болады екен.
Ал, әншінің әріптестері мен достары Талғаттың үйлену тойын асыға күтіп жүр.