Естен кетпес той салтанатын Италияда ұйымдастыру қанша тұрады?
14.03.2017
Баян Мақсатқызының үздіксіз саяхаттарына қарағанда, бәлкім үйлену тойын шетелде өткізетін болар! Негізі, жаһанның ең керемет қалаларында салтанат ұйымдастыру біз ойлағандай тым қымбат емес! Мәселен, Алматыдағы лакшери тойдың құны, Венециядағы қымбат виллаларда жасалатын кешпен бірдей-ақ. Италияда шаңырақ көтерудің қандай тиімді тұстары бар?
Комо мен Гарда өзендерінің жағалауындағы ашық аспан астында неке қидыру романтикаға құштар жандардың арманы болар. Бірақ, бұл қалтаны қағып, біраз қазынаны сарп етуді талап етеді деген ой түйсеңіз, жаңылысасыз. Мамандардың айтуынша, 50 қонаққа арналған салтанат шығыны, елдегі 300 жақыныңыз бас қсоқан тойына жұмсалған қаржымен бірдей-ақ. Есесіне, отау тіккен күні кемемен саяхаттап, ретро-карлармен серуендеп, зәлім сарайларды жалға алу мүмкіндігі ұсынылады.
Лаура Василенко, Италияда той ұйымдастырушы:
– Виллалардың әсемдігінің арқасында, арнайы декорация жасаудың қажеті жоқ. Тек, отау тіккен жастардың махаббат хикаясы, көзқарасы көрсетілетіндей салтанат ұйымдастыру жеткілікті. Қазақстандағы тойларға шықырылатын қонақтар саны – 500 -ге дейін жетеді екен. Сәйкесінше, жұмсалатын шығын да еселене түседі. Сондықтан, Италияда той жасау керісінше тиімдірек.
Тойдың ұйымдастырылуымен қатар, бүгінде қыз жасауының да әсемдігіне де баса назар салатын болған. Ұзатылған бойжеткеннің дүние-мүлкі төркінінің дәулеттілігін аңғартады деп түйетін біздің ұлт бұл тұрғыда да қаржысын аянып қалмақ емес.
Жанар Чаярова, ұлттық қыз жасауын әзірлейтін шебер:
– Бұрынғыдай тек көрпелерді ғана апара салмайды. Әдемі құрақ көрпесі, шәйі көрпесі, құдағи көрпесі, конфетка деп жатырмыз, жастықшалары. Мынандай арнайы картиналар, жаңадан сұранысқа еніп, қосылып жатқан. 00:30:14 – Өте жоғары емес, өте төмен емес қыз жасауын жасадық. Ол бір жарым миллионға тоқтады.
Зара Хожукова – сандық жасау шебері:
– Үлкендер жағы қыз жасауын ұлттық салт-дәстүрге сай әзірлеуді қалайды. Бойжеткендер үшін дүние мүлкінің барынша заманауи болуы маңызды. Классикалық интерьермен үйлесетін сандықтардың құны 100 мың мен 300 мың теңге көлемінде бағаланса да, оған сұраныс жоғары.
Отау тігуге қай кезеңнің қолайлы боларын болжау да де бүгінгі ару мен сері үшін аса маңызды.
Айсұлу Ахимова, нумеролог:
– Нумерология бойынша сәуір, маусым, шілде, тамыз және қыркүйек айлары шаңырақ көтеруге қолайлы дер едім. Бұл кезеңдер елдегі экономикалық жағдайдың да жоғарылайтын сәті.
Арнайы зерттеу нәтижесі жаһанның кез-келген елімен салыстырғанда Қазақстандықтардың тойға көп шығындалатынын көрсетті. Сәйкесінше, қуанышта қызмет көрсететін ұйымдар да молайған. Сан бар да, сапа қатар жүреді.