Ақбота ақ орамал тақты!
06.03.2017
Ақбота ақ орамал тағып, келін болғанын хабарлады. Иә, иә экс-Кешьюлік әншінің дәл өзі. Соңғы уақытқа дейін сүйіктісін жасырып келген Сейітмағамбетова, жарының Дәурен Айдарқұлов екенін бұл жолы әлеуметтік желідегі мына посты арқылы жеткізуді жөн деп шешкен...
Ақбота Сейітмағанбетова - «КeshYOU» тобының экс-әншісі (30.11.2016ж.):
– Аяғым ауыр болса да, болмаса да, тұрмысқа шықсам да, шықпасам да айта алмаймын. Өйткені, менің жеке өмірім жеке болып қалуы қажет. Егер, жұбайым жәрайды, тұрмысқа шықтым деп айт десе айтамын.
Бұл Ақботаның өткен жылдың соңында берген сұхбаты болатын. Ол кезде еш нәрсені ашып айтпасада, араға бірнеше ай салып тұрмысқа шыққаны жайлы, дүйім жұртқа жария қылуды жөн деп шешкен. Сонымен, ел арасында тараған ақпарат ақиқатқа айналып, экс-Кешьюлік әншінің жары Дәурен Айдарқұлов болып шықты. Ақбота, бастапқыда инста парақшасында қос тараптың құдаласқанын, сәл уақыттан соң жас жұбайлардың бақытты екенін желіге жүктесе, ал мына фотода ақ келін атанғанын аңғармау мүмкін емес.
Бірақ, жас келін жеке басындағы жағымды жаңалықты БАҚ өкілдері арқылы жеткізуді қаламаған. Өйткені, Дәуреннің бірінші отбасы мен үш баласы барын ескеріп, жаман атқа қалғысы келмесе керек... Дегенмен, бүгінде ай-күні жақын Ақботаның жағдайын құрбысы айтып берді...
Жұлдыз Өмірғали, «KeshYOU» тобының экс-әншісі:
- Қал-жағдайы жақсы! Шүкір деп жүр ол қыз. Шауып жүрмін әрі-бері деп... ватсаптан сұрап тұрамын қал-жағдайын. Қалың қалай, не істеп жүрсің, денсаулығың жақсы ма деп.
Ақботаның топтан кетуі түсінікті. Ал, Жұлдыздың «Кешьюдегі» жұмысына неге нүкте қойылды?!
Жұлдыз Өмірғали, «KeshYOU» тобының экс-әншісі:
- Себебі менің мамандығым бойынша әнші емеспін. Сондықтан, ортақ шешім қабылдап, сен жүргізушілікке баршы деп айтты. Менен жақсы актриса шығады деп айтты...
Иә, бүгінде Өмірғалиева концерт жүргізіп, отандық телехикаяларда актриса ретінде тәжірибесін шыңдап жүр. Ал, жақында Жұлдыз ақ келін атанады деген ақпаратқа не дейсіз?!
Жұлдыз Өмірғали,«KeshYOU» тобының экс-әншісі:
- Тұрмысқа шығады деген ақпарат ол рас емес! Білмеймін қайдан алынғанын? Әзірге тұрмысқа шығу... ондай ойда жоқ.
Сонымен, қыз мұратына жету Жұлдыздың жоспарында жоқ болғанымен, күні кеше бұл арманына Аюмилік Айдана жетті. Алуа Қонарованың қол астындағы ару ақ босаға аттап, Әнуар есімді жігітті өмірлік жары ретінде таңдаған...