Электронды музыка мен ұлттық әуен! Диджей Байктың жаңа туындысы тыңдарманды баурай алды ма?
10.02.2017
Ал, күні кеше жаңа клиптің тұсауын кескен диджей Байк, ютубта ең көп қаралым жинайтынына сенімді. Өйткені, өнер иесі қазақтың қара домбырасын танытуда тынбай тер төгіп келеді. Жаңашылдыққа жаны құмар жігіттің тың жобасын бірге көрейік...
Бүгінде отандық шоу-бизнесте диджей Байк лақап атымен танылған Бауыржан Итекеев, домбыраны айнымас серігіне айналдырған. Өнерпаздың мақсаты - қазақтың ұлттық аспабын күллі әлемге таныту.
Dj Byke, диджей, домбырашы:
- Диджей ретінде, музыкант ретінде менің мақсатым біздің қазақтың музыкасын жастарға насихаттау. Өйткені қазіргі таңда домбыраны тек дәстүрлі түрде қабылдайды. Домбыраны тек қана тартып, айтыс айтып, терме айтып, сондай бағытта қана қабылдайды. +00:09:43 музыкалық аспаптарда бар 7 нота, домбыраның пернесінде де бар...
«Зэ домбыра сонг»! Күні кеше тұсауы кесілген тың туынды дәл осылай аталады. Бейнебаянда Байк бесаспап - диджей де, домбырашы да өзі.
Бір айта кетерлігі ұлттық аспаптың құлағында ойнайтын Байктың музыкалық сауаты да жоқ! Кәсіби мамандардан кем түспейтін өнерлі жігіттің талантына әріптетері де тәнті болып отыр.
Шоқан Маратұлы, «All Давай» тобының әншісі:
- Диджей Байк өз ісінің шебері екенін дәлелдеді. Өнерге деген құштарлық музыкалық білімді де қажет етпейді екен. Нотадан хабарсыз болса да, кәсіби домбырашылардан кем түспейді. Тынымсыз еңбектің арқасында арманына қол жеткізгені көрініп тұр.
Джамба – әнші, актриса:
- Егер адам баласында талант болса, музыкалық білімнің қажеті жоқ сияқты. Өйткені өнерді ұғатын жанның ішкі дүниесі де үндестік таба біледі. Мен осы қабілеті үшін Байкты бағалаймын...
Ал, тұсауы кеше кесілген тың туынды бүгіннен бастап отандық ән арналардың айналымында жүр...
Серікқазы Аязбаев, Ғани Қалуов.