Айза Мамбековаға жүлделі орын неге бұйырмады?

Сообщить о проблеме с эфиром
Көп ішінен көзге іліккен Универсиада толағайлары студенттермен қауышты. Соның бірі, байрақты бәсекенің қатысушысы - Айза Мамбекова. Мәнерлеп сырғанаушы қызымызға Универсиада жүлдесі неге бұйырмады? Айзаның өзі айтып берсін. Универсиада сайысында өнер көрсеткен Айзаның, тіпті, сүйемелдеген әуені де, үстіне ілген көйлегі де ұлттық нақышқа қанық болғанды. Көк мұз үстінде, аяққа коньки байлап, мың бұралған қазақ қызы, өз өнеріне Дәулеткерейдің «Көроғұлы» күйін лайық деп тауыпты. Айза Мамбекова, мәнерлеп сырғанаушы: - Жұртымызға, жанкүйлерімізге, рухымызды, намысымызды көтеріп, елімізді көрсету деген жоспар болған. Жастайынан тілші болуды қалаған Айзаның арманы да жүзеге асқан. Журналист Дана Нұржігітпен тікелей эфир тізгінін ұстаған ару, комментаторлықтың да қыр-сырын меңгеріп алдым дейді. Алайда, Айза Универсиада 2017 додасында жүлделі орыннан көріне алмай қалды. Десе де, оның өзіндік себебі бар көрінеді. Айза Мамбекова, мәнерлеп сырғанаушы: - Еркін бағдарламаға дайындалған кезіміз өте тез тез барлығын жасадық. Музыканы тез таңдап алдық. Көйлекті де бір аптаның арасында тігіп алдық. Жалпы, бізге сол көмекке келген адамдар саны өте көп. Оның үстіне, Елена Радионова, Элизабета Тоқтамышва сынды олимпиада чемпиондарының деңгейінде өнер көрсету, Айзаға шынымен ауыр соққан. Десе де көк байрақты, желбіретемін деп барын салған өнерпаз, сөз соңында, көппен бөліспеген сырын да ақтарып салды. Айза Мамбекова, мәнерлеп сырғанаушы: - Мен ең күрделі спорт түрі деп санаймын. Дегенмен қалай болса да, ол менің өмірімнің үлкен бөлігі. Онсыз, өмір сүре алмаймын. Ықылас Тұрсынбек, Руслан Хасанов.