Сүйінші! Универсиаданың бесінші жарыс күні қоржынға неше алтын түсті?
02.02.2017
Сүйінші! Универсиаданың бесінші жарыс күні қоржынға үш алтын салынды! Биатлоншы Галина Вишневская, фристайлдың могул түрінен топ жарған Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд үмітті ақтады! Спортшыларымыздың бұл жетістігі Қазақстан құрамасын екінші сатыға жоғарылатып, қалталарын бес миллионға қалыңдатты.