Қалың қардағы қарбаласты пайдаланып, Алматы таксишілері қалталарын толтырып қалудың қамына кірісті.

Сообщить о проблеме с эфиром
Алматыны басқан қалың қар әлі де тұрғындардың жүріс-тұрысын қиындатып тұр. Осы бір әбігерді пайдаланған такси қызметкерлері де қалтасының қамын ойлауға кіріскен. Оңтүстік астананың бір тұрғыны орталықтан әуежайға дейін таксишіге 10 мың теңге санап беріп, бұл Қазнетте даулы тақырыпқа айналды.