Алматылықтар қалың қар үшін әкімдікті кінәлауды қойып, флешмоб ұйымдастыруға шақырды.
21.11.2016
Алматылық экстрималды шаңғышы біраз іске түрткі болғандай. Қазнет белсенділері екі күн жауған қалың қар үшін Алматы әкімдігін кінәлап жатыр. Кейбір азаматтар болса мұндай бос сөздің орнын қар күреу секілді пайдалы іспен алмастыруға шақырды. Оңтүстік астаналықтар арасында қар тазалау мақсатында флешмоб та бастау алды.