Қазақ пен қырғызға бір жалау! «Әлем аруының» ұйымдастырушылары қателікке бой алдырды
09.11.2016
«Әлем аруы – 2016» сұлулық сайысына қырғыздың намысын қорғауға аттанған Перизат Расулбекқызын ресми сайтта Қазақстан туының астына жайғастырыпты. Бір қызығы, біздің Әлия Мергенбаеваның елі мен рәміздерін көрсеткенде жаңылмаған. Айыр қалпақты ағайындар олқылықты аңғара салысымен, ұйымдастырушыларға хабарласып, қателіктеріне нұсқауды уәде еткенді. Одан бері тәулікке жуық уақыт өтсе де, оңалған дәнеңе жоқ.