Ақан Сатаевтың «Районы» картинасы отандық кассалық жиынның көшін бастады
09.11.2016
Ақан Сатаев Голливудтың «сен тұр, мен атайын» режиссерлерімен иық тірестірер кезеңге де жетіп қалыпты. Сондықтан да болар, киномандар асыға күткен «Расплата», «Доктор Стрэндж», «Девушка в поезде» картиналарының бәсекелестігінен жасқанбай, «Районыдың» тұсауын кесті. Өз күшіне сенгендігі бекер емес екен. Алғашқы уик-эндте ақ, Алматылық жасөспірімдер жайлы туынды 13 млн 500 мыңнан аса қор жинап үлгерген. Әйткенмен, алғашқы сатыны Marvel-дің «Доктор Стрэнджі» босата қойған жоқ. Олардың табысы 14 миллионнан асып жығылады.