Әлемдік аренаға жолдама! «Ninety one» Түркияда хит шерудің көшін бастады...

Сообщить о проблеме с эфиром
Өз елінде сынның садағына іліккен «91» тобына, түркі ағайындар тәнті болғанға ұқсайды. Атышулы ұжымның «Қайтадан» атты клипі Түркияның танымал музыкалық арнасында үздік деп танылған. Бұл хит шеруде бақ сынаған 20 орындаушыны отандық бестік шаң қаптырып кеткен көрінеді. Жеңімпаздар рейтингі арнаның ресми сайтында жарияланған. Ал, жағымды жаңалықты бірінші болып бойзбенд продюсері Ерболат Беделхан өзінің инста парақшасы арқылы хабарлады...