Шоу бизнестегілер дөрекілік пен жарнамаға қарсы соғыс ашты.
22.09.2016
Әлеуметтік желіде «таяқ жейтін» жұлдыздардың айы оңынан туды! Сахна төріндегілердің кемшілігін жіпке тізіп, әр басқан қадамынан ілік іздейтін фоллеверлерімен күрестің тиімді тәсілін инстаграм ұсынып отыр. Берілген мүмкіндікті пайдаланушылардың алғашқы легі – жағымсыз пікірлердің тізімін түзіп үлгерген.