Күйеуіңізді сатыңызшы! Тосыннан түскен ұсыныс Азамат Сатыбалдының жұбайын тығырыққа тіреді

Сообщить о проблеме с эфиром

Жуырда ғана кинопродюсер ретінде дебютін ұсынған Азамат Сатыбалды, күні кеше жеке театрының тұсауын кесті.

Азамат Сатыбалды, актер, продюсер: - Питерге барыңызшы, бір қиылыстың өзінде 4-5 театр бар. Соның барлығына көрермен барады, өзі таңдау арқылы. Бізде сол бағытта, жеке дара жолымызды жасағымыз келді. Жеке өзіміздің театрымыз болсын деп қаладық. Сол театр арқылы көптеген ойларымызды айтқымыз келді.

Күйеуіңізді сатыңызшы! Азаматтың жетекшілігіндегі ұжымның алғашқы спектаклі дәл осылай аталады. Әйелге еркек таласса жарасады. Ал екі әйел азаматының махаббаты мен көңіліне бола тартысқаны қызық-ақ. Айтқандай оның бірі өзінің заңды жұбайы, екіншісі жиырмадан асқан бойжеткен. Алакөлге демалуға келген Абзал жас қызбен танысып, араларында сезім оты тұтанады.

Махаббаттан басы айналған Карина болса, жігіттің үйленгенін біле тұра әйеліне келіп, 100 мың долларға күйуеін сатып алмақ болады.

Айдын Сахаман, режиссер: - Бұл спектакльдің моралі - жанұядағы ер азаматтың болсын, әйел адамның болсын өз жанұясын барынша сақтауға тырысу, оңды-солды қарап жүрмесін. Сол жанұя берік болуы үшін жасалған дүние!

Бұл спекткальдегі басты рөлдерді Азаматпен қатар, Ажарлым Мағзұм және Жанна Мақашева сомдайды. Жаңа таетрдың алғашқы қойылымының, бірінші көрермендері Сатыбалдының әріптестері! Ал, Михаил Задорновтың шығармасын қазіргі заманға сай сахналаған ұжымның еңбегі көрермен көңілінен шықты ма?

Есмұхан Обаев, режиссер: - Үшеуі де жақсы орындаушылар, осы тақырыпты алғаны өте жақсы. Бұл адами процесс, адамның тақырыбы. Адамның иттігі, адамның жақсылығы, адамның парасаттылығы. Міне соның бәрі осы жерде айтылады.

Сәбит Әбдіхалықов, актер, режиссер: - Комедияны әдемі, жақсы жеткізген. Асырмай, тасырмай, ыммен жеткізген. Бір әдемі, күлкі шақыратын комедия шықты деп айта аламын.

Алғашқы қойылымын комедия жанрынан бастаған ұжымның алдағы жоспарлары жетерлік. Бір айта кетерлігі, Сатыбалды басқаратын театрдың аудиториясы тек мемлекеттік тілмен шектеліп қалмақ емес.

Азамат Сатыбалды, актер, продюсер: - Қазір біз әлемдік деңгейдегі Потапов режиссерға шығып жатырмыз. Келесі спектакльді Прибалтикадағы ең танымал режиссер Йонас Вайткуска қойғызсақ деген ой бар. Танымал актерлармен бірігіп, орыс тілінде де спектакль қоямыз.