Құдайбергенов тағы бір номинацияға ұсынылды

Сообщить о проблеме с эфиром

Биыл, музыкалық марапаттардан қанжығасы бос қайтпаған Құдайбергенов, тағы бір номинацияға ұсынылды. Аспан асты елінде ұйымдастырылған премияда, әлем таныған Димашты қандай тосын-сый күтіп тұр? Серікқазы Аязбаев сабақтайды...

Алғашқыда Қытайдың «Top Chinese Music Awards» марапатының «Азиядағы ең танымал әнші» номинациясын еншілеген Димашқа, араға ай салып «17-ші Тор Сhine Awards» премиясының «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» атағы да табысталған-ды! Алайда, қазақ баласы бақ сынайтын музыкалық жобалар мұнымен шектелмейді. Ол енді аспан асты елінің Гуанджоу шаһарында өтетін Asian Music Gala2017 шарасында бой көрсетеді.

Алпамыс Шаримов, Д. Құдайбергеннің PR-менеджері: -Өздеріңізге көптеп жариялаған болатын. Жаңағы, МТV Music Awards-қа Димаш қатысты деп... Соның салтанатты мараппаттау кеші өтеді. Және 20-шы шілде күні тағы бір марапаттау кеші бар. Ол жерде жүлделі боламыз ба, болмаймыз ба ол әлі белгісіз.

Кестесі тығыз Димаштай талантты ұлдың танымалдығы артқалы, шет елдік өнерпаздардың да оған аңсары ауа бастаған! Енді қазақ баласымен ән шырқауға ниетті әлем жұлдыздары бой көрсетуде. Әзірге есімдері құпия болса да, Құдайбергеновтің командасы бұл ақпаратты растап отыр.

Алпамыс Шаримов, Д. Құдайбергеннің PR-менеджері: -Қанша танымал адамдардан ұсыныс түсіп жатыр. Жеке әншілердің өздері продюсерсіз Димашқа, шығып, хабарласып, Димашқа ниеттерін білдіріп жатыр. Көрші жатқан Ресей елінің танымал жұлдыздарынан түсті. Бір қызығы, мен сіздерге былай айтайын, Димаштың орынында егерде мен болатын болсам, немесе басқа бір әнші болатын болса бірден келісе кететін еді ұсынысқа. Неге екені ол Димаштың өзіне ғана жұмбақ.

Ал, Димаштың болашақ жаңа дуэті жайлы жақын күндері анықталмақ. Құдайбергеновпен ән шырқайтын әлем жұлдызы кім? Бірінші болып біз айтамыз!!!