Криштиану Роналдумен кездесуге де талай бала асық!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бірақ, аяқ доп шеберінің әзірге қайырымдылыққа мойын бұруға шамасы жоқ. Себебі, Испаниялық қазына ұйымы оның артына шырақ алып түскен. Айтуларынша, футболшы 14,7 миллион еуро салыққа берешек. Бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұрса да, Криштиану қарызын төлемейтінін кесіп айтты.

Себебі, Роналду өзін толықтай кінәсіз санайды. Сол себепті де, 31 – ші маусымда өтетін сот отырсында атағы мен абыройын қорғап шыға алатынына сенімді. Тіпті, заңгерлері мен қорғаушылары командасын да көбейткен.

Енді, салық органдары Ким Кардашьянның да кіріс құжаттарын майшаммен қарайтын шығар! Себебі, сылқым өз косметикасын жасаумен айналыса бастады! Тың бренд сатылымға контурингті шығырып, бірнеше минуттарда 300 мың қорабын сатып жіберген. Әр данасы - 48 доллардан тұратынын ескерсек, сүт пісірім уақытта Кимнің қалтасы 14 миллион долларға қалыңдаған.

Джонни Депп Дональд Трамптан еш тайсалмайтын сынды! Актер Гластонберг музыкалық фестивалінде ақ үй басшысын сөзбен тағы түйреп алды.

Джонни Депп, актер: - Меніңше, Дональд Трамп көмекке зәру! Жер жүзінде ол баруы мүмкін қараңғы жерлер көп-ақ. Айтпақшы, актердІң президент өміріне қауіп төндірген сәті қашан болған еді?

Джонни мырза осылай Авраам Линкольнге қастандық жасаған актер Джон Уилкстің оқиғасын астарлап жеткізу арқылы, өз президенті Трампқа деген көзқарасын білдірді. Бірақ, бұл жәйтті «қоқан-лоқы көрсету» деп ойлап қалмауды да ескертті.

«Өз үйім, өлең төсегім» - деген Бейонсенің бақыттан басы айналып жүр! Егіздерін өмірге әкелген соң перзентханада дәрігерлердің бақылауында болған әнші мен шақалақтары ақыры бүгін үйлеріне шығарылған.

Егіздердің анасы, таяуда елуге толатын Джей Ло Бейонсенің ғана емес, миллиондаған нәзік жандылардың мотиваторы болуға әбден лайық! Бикеш спортпен әбден шыныққан мінсіз мүсінін әлеуметтік желі арқылы жариялап, көпті қанаттандырды.