Қазақстанда Q-pop бағытындағы тұңғыш гелзбенд өз жұмысын бастады

Сообщить о проблеме с эфиром
Бұл бойжеткендер Q-pop бағытын дамыту мақсатында жасақталған алғашқы қыздар ұжымы. Үш әнші мен қос рэперден тұратын гелзбендте: Мақпал, Аружан, Айсұлу, Жанар, Дана есімді арулар өнер көрсетеді. «Crystals» тобы: - Кристал барлығымыз білеміз, ол әр түрлі болып келеді. Біз де, бесеуіміз де бес түрліміз. Және де топтың аты «Кристалс». Кристалдың әр түрлі қырлары бар, біздің де 5 қыздың өзінің қыр-сырлары бар. Естеріңізге сала кетсек, Ерболат Беделхан "Ninety one" тобын құрмас бұрын корейлік компаниялармен жұмыс жасап, аталмыш елдегі кәсіби мамандармен тәжірибе алмасқан болатын. «Crystals»-тың жетекшісі де, 4 жылын Кореяда өткізіпті. Анарим Қуанышбек, продюсер: - Кореяға 2011 жылы кетіп, 2015 жылы қайтып келдім. Сонда осы идея, бағыт «кью-поп» дейміз ғой шығады, шықпайтынын білмедім. Осындай системаны алып келгім келді. 2014-ші жылы ойымда болды. Ойланып жүріп, мен келген кезде "Ninety one" тобы шығып қойды. Топтағы арулардың жасы 16 мен 20-ның арасында. Алматы, Ақтөбе, Орал, Қостанайдан келген қыздар, кастинг бойынша іріктелген. Арманына жету жолында кез-келген кедергілерге тас-түйін дайын. «Crystals» тобы: - Әркімге ұнай бермейсің ғой, мысалы. Сондықтан, жағымсыз пікір болса, оның жанында әрдайым жағымды пікір болады. Сондықтан, жағымсыз пікірге қатты назар аудармай, жағымды пікір жазған адамдар әрқашан бізге шабыт береді. Гелзбенд алғашқы бейнебаянын «Адастырма» әніне таспалап жатыр. «Crystals» тобы: - Біздің 5 қыздың 5 түрлі арманы болады. Және де арманына жеткен жаңағы жолды, осы клипте көрсетеді.