vlcsnap-2017-04-21-09h34m12s413

Kazakhstan Fashion Week су жаңа модельдерді таныстырды!

Kazakhstan Fashion Week-тің 20-шы мерейтойлы маусымын Михаил Кравец ашты! Сырбаз сәнқойлардың кербездігін айшықтап, еркіндігін де шектемеуді мақсат еткен сәнгер, қара, қызғылт, күміс және алтын түстес реңктерге ғана таңдау түсірген.

Кравецтің қалыптасқан қолтаңбасының өзі оның топтамасының маңыздылығын арттыра түседі дегенімізбен, дәл KIRITTI – дей таңдандыра алмағаны анық! Сән сахнасына тұңғыш қадамын Kazakhstan Fashion Week-тен бастаған жас бренд, заманауилығымен ерекшеленді! Ерлерге киім тігуде кенже қалған дизайнерлердің орнын лайықты толықтыра алары анық.

Қорлан Мәди,сәнбике:
– Kazakhstan Fashion Week-тің ұйымдастырылуын, дизайнерлердің жұмысын көру бұрыннан мақсатым еді. Бірақ, сәті енді ғана түскен сияқты. Подуимда тәжірбиесі бар сәнгерлерге қарағанда, дебютанттардың топтамалары ұнады. Мәселен, ТOSI, KIRITTI кез-келген атақты Еуропалық брендтермен лайықты бәсекелес бола алады.

Расында, отандық фэшн өндіріске былтыр ғана қадам басқан ТOSI бренді, өзіне сенімді, іскер бойжеткендердің сұранысын қанағаттандырғандай.

Тоқтар Сейілбеков, сәнгер:
— Абстрактлі экспрессионизмнен шабыт алдым! Марк Шагалдың картиналары қиялыма қанат бітірді. Бұрын, тек үйлесімді түстермен ғана жұмыс істесем, бұл жолы түстерді ойнатқым келді.

Әрі табысты, әрі үнемі сұраныстағы қалыңдық көйлектерінен топтама жасауды Малика Усупова бір жыл бұрын бастаған. Өзімізге ғана тән ою-өрнекті заманауиландыру арқылы, бүгінгі бойжеткендердің ұлттық көйлектерге деген құмарын оятқым келді дейді сәнгер.

Малика Усупова, сәнгер:
– Топтамадағы көйлектер құны — 200 000 мен 500 000 теңгенің аралығында бағаланады. Себебі, көздің майын тауысып отырып, әрбір тасын қолмен қадап, тігіп шыққанмын. Ал, мұндай образды сәнбикелерге қарағанда, шоу бизнестегі арулар лайықты таныстырады деген тоқтамға келдім.

Сондықтан да, Луина, Айғаным Самбай, Асылым сынды аруларды тұңғыш подуимға шығарды. Kazakhstan Fashion Week – тің тағы бір алаңында Тамара Ламанукаева, Ерлан Жолдасбек, One to one, Libas Atelier және Жарқын Баймахановтардың топтамаларын таныстырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.