Қалайда үлкен отбасы боламыз! Ким Кардашьян бала сүю үшін қандай қадамға барды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдызды жұп Ким Кардашян мен Канье Уэст жанкүйер емес, бала санын көбейтуді мықтап қолға алған сыңайлы. Үлкен отбасы болуды көздеген жұбайлар бала сүю үшін суррогат ананың көмегіне жүгінбек.

Голливудтың жұлдызы, 37 жасар Ким Кардашян бүгінде екі бала тәрбиеп, аяулы ана атанып отқан жайы бар. Алайда, сыр берген денсаулығына байланысты актрисаның бұдан былай құрсақ көтере алмайтындығы белгілі болды. Жұлдызды жұп бұған мойыған жоқ. Олар сәби сүю үшін енді суррогат ананың көмегіне жүгінбек.

Ким Кардашян мен Канье Уэстке нәресте сыйлайтын суррогат ананың төлемақысы да қарастырылып қойған. Құрсағында 9 ай бала көтеретін биологиялық ана қызметі үшін 113 000 доллар алады.

56 жасар актер, «Оскар» иегері Джордж Клуни бір күнде жарты миллиард долларды қалтасына басты. Өзін өнер жолында ғана емес, табысты кәсіпкер ретінде де байқатып жүрген ол, текила өндірісімен айналысатын жеке компаниясын сатқан.

Алайда, актер келісімшартқа сәйкес, өзі негізін қалаған брендтің басты өкілі болып қала бермек. Себебі, алколгольді сусынның қалың қауым арасындағы танымалдылығы – өнер иесіне тиесілі болуында еді.

Атышулы «ВИА гра» тобының экс-мүшесі Надежда Мейхер бағын басқа салада сынап көрмек. Әнші музыканы қойып, кино әлеміне қадам басқан.

Сұлу сылқым мелодрама ханшайымы Оксана Байрактың «Ничто не случается дважды» атты кинотуындысына шақырту алыпты.

Мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеуге бекінген Надежда, 16 сериялық картинаға түсуге бірден келіскен.Ал, көрермен қауым, әншінің актриса ретіндегі дебюттық жұмысының бағасын өз уақытында бере жатар!