Ерлан Көкеевтің режиссерлық дебюті неге көпшілік көңілінен шықпай қалды?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші, композитор және продюсер! Ерлан Көкеевтің енді тағы бір қыры ашылды. Өнер иесі бұл жолы өзін режиссер ретінде байқап көрген. Алайда, тырнақалды туындысы бірден көрермен көкейіне күмән ұялатып отыр.

Бүгінде Астананың тұрақты тұрғынына айналған Ерлан, тың туындысының тұсауын өнер ордасында кесуді жөн деп шешкен. Өйткені, жаңа видеодағы оқиға желісі Алматыда өрбиді. «Желтый лист» деп аталатын әнге таспаланған клип режиссеры - өнер иесінің өзі. Алайда, Көкеевтің көкейіндегі ой ән авторына жақпай қалған сынды.

Заур Рысқұлов, композитор: - Менің ойымша, клиптің сюжеті мен ән мәтінінде үйлесімділік жоқ. Басты рөлді сомдаған ер адамның іс-қимылы түсініксіз. Яғни, клипті көріп отырған көрерменге ойды жеткізе алмаған сияқты. Менің бұл видеоға берер бағам осындай.

Иә, туынды авторының мұндай пікірде болуы орынды! Өйткені, Заур Рысқұлов бұл әнді өмірден озған ұлының рухына арнап жазса, режиссерлық қырын танытқан Ерлан бұл бейнебаянында бақилық болған музыканттарды топтастырыпты!

Ерлан Көкеев, әнші: - Өткен шақты қайтару мүмкін емес, осындай тұлғаларды көзі тірісінде мойындауымыз керек, бағалауымыз керек. Бұл бейнебаян арқылы айтар ойым осы.

Жаңа видеода жақында ғана өмірден өткен джаз ханшайымы Жанна Саттарова, қазақ музыкасына өлшеусіз үлес қосқан Мұрат Насыров, Болат Сыздықов және Батырхан Шүкеновтің бейнелерін көре аласыз.

Ерлан Стамбеков, меценат: - Өте жылы, сондай бір көп кеткен біздің жан жолдастарымызды, ұлы музыканттарымызды айтуға болады. Солар туралы, еске алу деген сондай бір жақсы жылы как можно сказать клип.