Ерке Есмахан, аздаған уақытта миллиондаған қаралым жинаған «Қайда?» әнінің құпиясын ашты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алматыда жоқ жоқ, Астанада жоқ жоқ! Бүгінде бұл туындының әуені бірден бойды билеп, мәтіні тілге жиі тиек болған. Ерке Есмаханның орындауындағы «Қайда» деп аталатын су жаңа әнді тыңдай қалсаңыз, дәл осындай күй кешесіз...

Шын сүйген серісіне іздеу салатын Еркенің клипін 10 күн ішінде 2,5 миллионнан астам адам тамашалапты. Әп-сәтте хитке айналған бұл туындының сазын студент қыз жазса, сөзі ақын Қайнар Алагөзовтікі.

Ерке Есмахан, әнші: -Бұл ән енді бұрынғы әндерге ұқсамайды. Шамалы жастарға арналған. Ритмі басқа. Бір кішкене болсада менің шығармашылығымдағы жаңалық өлең болады деп ойлаймын. Және де бейнебаянды да жаңаша түсірдік. Бұрынғыдай галөшпен, халатпен емес. (күледі) Қазіргі сәннен қалмайық деп.

Айта кетейік, бұл клип Еркенің продюсерсіз атқарған алғашқы жұмысы. Оның Баян Мақсатқызымен арадағы келісімшарты үзілсе де, экс-басшысы әр қадамын бақылап, өнеріне әлі де қолдау көрсетіп отыратынын айтады.

Баян Мақсатқызы, продюсер: -Адам баласы 10 жылдың ішінде мектепті аяқтайды ғой. Дәл сол сияқты мен Еркемен тура 10 жыл жұмыс жасадым. Ол осы уақыт аралығында тәжірибесін шыңдап, көздеген мақсатына жете алды. Қазіргі таңда өнердің биігінде қалықтап жүргені мені қуантады.

Иә, аздаған уақыт ішінде, миллиондаған тыңдарманның жүрегінен орын алған әнге балама-кавер жасағандар жетерлік! Тіпті, Еркенің тың трегін өзге тілде орындап жүрген өнерпаздар да бар.

Бейнебаян желісінде жүрегінің жартысын іздеген бикеш, арқасүйер азаматты аңсайды. Сол секілді, клиптегі бас кейіпкер де, шынайы өмірде өз ғашығын жолықтыруға ниетті.

Ерке Есмахан, әнші: -Өмірде шын сүйген адамымды кездестірсем, ол мені сүйіп тұрса, шын махаббат болса мен барлығына да дайынмын.