Эксклюзив: "Ninety One" иглздар арасында байқау ұйымдастырады!

Сообщить о проблеме с эфиром
«Ninety One» тобы осы жылғы жаңа шағын-альбомын мамырдың 28-інде жарыққа шығарады. Ресми тұсаукесер JUZ Entertainment орталығында болады деп жоспарлануда. Альбомның таныстырылымынан кейін, бойзбенд өз жанкүйерлеріне арнап автограф сессия өткізбек. Сіздің эксклюзивті қолтаңба қойылға шағын-альбом ұтып алуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін NTK.KZ сайтындағы «Ninety One» тобына арналған айдарға кіріп, оларға сұрақ жолдаңыз. Ең қызықты сауал қойған үздік үш авторды «Ninety One» жігіттерінің өздері іріктейтін болады.