Достардан көңілі қалған даукес жігіт! Әнуар тағы кімге өкпелі?

Сообщить о проблеме с эфиром
Ал, «біреудің желідегі жаңалығын оқу, миды бұғаттаумен тең»! Дәл осындай ұранмен, Павел Дуров жақында өзі іргетасын қалаған «Вконтактедегі» бүкіл достарын өшіріп тастаған болатын. Ал, шынайы өмірдегі достықты сезінгісі келген серімен, отандық танымалдар келісе ме?! Желідегі жарияланған кез-келген жаңалыққа өз пікірін білдірмей қоймайтын Әнуар Нұрпейісов, Дуровтың бұл шешіміне де үндемей қалмады. Шынайы өмірдің бағасын түсінуге әркеттенген ресейлік кәсіпкердің қадамына қазақстандық актер қарсылық білдіріп отыр. Әнуар Нұрпейісов, актер: - Әрине қарсымын! Өйткені кей-кездері менің достарым басқа елдерде жүргенде немесе мүлдем басқа елдерде тұратын достарымызмен осы виртуалды желілермен хабарласамыз. Мен үшін шынайы достық, яғни классикалық түрде қарастыратын достық мен үшін тірі өмірде де жоқ сияқты. Ал, әнші Бейбіт Көшқалиевтің Әнуармен келіспеске амалы жоқ! Ән әлемінде кәсібін дөңгелетіп жүрген жігіт ағасы достарының жаңалығын желіден емес, өз аузынан естісем деген арманы барын айтады. Алайда, әттең тоның келтесі-ай, деп отыр. Өнерпаздың тығыз кестесі, ет-жақындары жайлы тың ақпаратты телефоннан ғана хабардар етуге мәжбүрлеп қойған. Бейбіт Көшқалиев, әнші: -Бәрімен емес енді. Алшақтап кеткендері бар. Өйткені басқа қалада тұрады. Оны көрмейсің. Ол қалаға көп бармайсың. Сонда әлеуметтік желімен отырасың, хабар беріп, мәз болып. Бір жағынан олда риза, менде ризамын. Ешкім, ешкімге ренжімейді. Ал, Сарын тобына Павел Дуравтың тың идеясы ұнап қалған сынды. Аталмыш дуэттің әншілері, достармен бетпе-бет жиі жүздессек, әлеуметтік желідегі байланысты дәл қазір үзуге дайынбыз деп отыр. «Сарын» дуэті: - Бас тартуға барынша мен дайынмын. Азаннан кешке дейін, ұялы телефоныма қарап жатып, әлеуметтік желіде отыратын адамдардың қатарынан емеспін. Керек болса кезінде осы телефонсыз-ақ жүрдік, асық теуіп. Сол кездерді сағынасың шын мәнінде. Иә, өздеріңіз куә болғандай, жұлдыздардың бір тобы жылдар бойы жинаған желідегі достарымен бір сәтте қоштасуға әзір болса, енді бірі «виртуалды әлемнен аларымыз көп», - деп тақырыпты түйіндеген жайы бар.