Димаштың дара жолы отандық киногерлерді де бей-жай қалдырмады...

Сообщить о проблеме с эфиром
Димаш жайлы деректі фильм таспалауды ұсынамын! Әншінің пиар-менеджері дәл осындай ұсыныс тастағанды. Көп күттірмей тың идеяға отандық режиссерлардың да жауабы дайын болды. Сонымен, Қытай халқын тамсандырған қазақ баласы туралы картина қандай болмақ? Киногерлерден сұрап көрдік... Димашқа аспан асты елінде « I Am a Singer» реалити-конкурсы танымалдылықты тарту етті. Бүгінде Қытайда фанаттар армиясын жасақтап үлгерген отандасымыз, көшеде емін-еркін жүріп тұрудан қалған. Димаштың әр күні тосын сыйға толы. Қытайлық фанаттарының ерекше ықыласын байқаған оның пиар-менеджері қазақ баласы жайлы деректі фильм таспалау туралы идеяны ортаға тастады. Ал, отандық киногерлер Құдайбергенов жайлы картина таспалауға қаншалықты дайын? Нұрлан Қоянбаев, продюсер: - Димашты өзім мелодрамада көремін... Егер ол көрермендерге қызық болса яғни оның көрермендері болады. Бұл комммерциялық жағынан да көрермендері көп болады. Жалпы Димаштың өзі де, өзі туралы болмасада басқа киноларға түссе жақсы актер болатын сияқты... Танымал режиссер Ернар Нұрғалиев, Димаштың жеке өміріндегі құпиялардың құлпын ашып, кинотеатр кассаларын қаржыға толтыруға ниетті... Ернар Нұрғалиев, режиссер: - Оның өнері дүйім жұртқа таныс болғанымен, өмір жолынан бейхабармыз. Сондықтан Димаштың бала шақтан болашаққа басқан әрбір қадамдарына үңіліп көруге тырысамын. Дәл осындай тың идеяларды тоғыстырмасақ, бүгінде көрерменді таң қалдыру қиын... Ал, Асқар Ұзабаев жас әншінің өнерін бағалағанымен, толыққанды туынды таспалауға дайын емес. Өйткені..? Асқар Ұзабаев, режиссер: - Бар болғаны 20-дан енді асқан жас жігіт! Менің ойымша Димаштың автобиографиялық фильмін 60 жасқа толғанда түсіру керек сияқты. Неге десеңіздер, ол кезде өмір мен өнері жолында толықметрлі картина түсіретіндей мол мағлұмат және жетістіктері мен бағындарған белестері көп болады деп ойлаймын... Қиялдарына ерік берген режиссерларымыз, ұсыныстан бас тартпады. Әнші жігіт туралы картина таспалау идеясын қолдай кеткендеріне қарағанда, болашақта бұл ойдың да жүзеге асқан сәтінің куәгері болармыз. Ал Димаш бүгінде, Қытай жұлдыздарының рейтингіде көш бастап, тағы таңқалдырды. Серікқазы Аязбаев, Рысбай Ақыш.