Данияр Елеусіновтің АҚШ елінде қоныстануы туралы жанкүйерлері қандай пікірде?

Сообщить о проблеме с эфиром
Данияр Елеусіновтің Рио олимпиадасындағы алтыны қазақ еліне ұлы мереке сыйлаған еді. Кәсіпқой боксшы мансабы үшін енді АҚШ-қа отбасымен қоныс аудармақшы. Былғары қолғап шеберінің бұл сапары туралы жанкүйерлері қандай ойда? Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов жыл басында мансабындағы маңызды шешімдердің бірін жасады. Кәсіпқой рингке ресми түрде ауысқан қазақстандық боксшының ісін, жаңадан құрылған MJA Entertainment's промоутерлік компаниясы жүргізетін болады. Олимпиада, Әлем чемпионаты мен Азия біріншіліктерінің алтынын иеленген спортшының арманы жоқ секілді көрінеді. Дегенмен, Даниярдың түпкі бір ойы Токио олимпиадасында да жеңіс тұғырын бағындыру. Марат Елеусінов, Даниярдың әкесі, жеке бапкері: – Әуесқой бокста келесі Олимпиадаға қатыса алады деген пункт енгізілді. Келісімшартқа қол қойылды солай. Кәсіпқой боксқа бейімдеп үйрететін америкалық бапкері болады. Бұрынғы тактикасын ұмытып қалмас үшін, маған да ұсыныс жасады. Данияр Қазақстан бокс федерациясымен ескі келісімшартты толықтай үзген. Ол өзі, промоутерлік компаниясы мен елдің бокс федерациясы жаңа үшжақты келісімшартқа қол жеткізген. Данияр Елеусінов пен әкесі, қазір АҚШ сапарына арналған құжаттардың реттелуін күтуде. Наурыз айының басында боксшы сол жақтағы жаттығуына кірісіп, мамырда алғашқы кәсіпқой жекпе-жегін өткізуі тиіс болған екен. Марат Елеусінов, Даниярдың әкесі, жеке бапкері: – Негізінде март айының басында біз тренировканы бастап кетуіміз керек. Визаның кешігуіне байланысты, біз күтіп жатырмыз. Даниярға негізінде майдың 27 жұлдызында алғашқы дебютті кездесуі деген. Айта кетейік, Даниярдың ағасы Дәурен Елеусінов, 2014 жылдан бері кәсіпқой бокспен шұғылданады. Әкесі әзірге екі ұлымен бірге тұрмақшы, бір-екі айдың көлемінде отбасын АҚШ-қа көшіріп апару мәселесі шешіледі. Қазақстанда тақым қысып қалар жанкүйер жұрт, Даниярға әркез тілеулес. – Харизма, техника, характер бар. Чемпион болады профи болса. – Головкиннен кем болмайды асып түспесе. Ислам Қанатты алсаң да, Данияр Елеусінов нақтылап айналысса жақсы жеңіске жетеді. – Нағыз өзіміздің қазақтың жігіті ғой. Өзінің түрі де бар, мінезі де, денесі де бар. Бәрі де жақсы ұнайды. - Статистикаға сүйенсек оның соққылары жойқын. Сондықтан оның болашағы зор деп айтсам болады. Спорт мамандары да Даниярдан үлкен үміт етеді. Кәсіпқой бокс алып коммерцияға айналған АҚШ-та, беделді тұжырымдарың бірінің чемпиондық белбеуін тағынған қазақ ұлын көретін күн де жақын деген сенім бар.