Дакота Джонсон әлемнің әр түкпірінен терілген гүлдермен Таймс-скверді ерекше баққа айналдырды

Сообщить о проблеме с эфиром

Дакота Джонсон әлемнің әр түкпірінен терілген гүлдермен Таймс-скверді ерекше баққа айналдырды.

Дакота Джонсонның қатысуымен ұйымдастырылған бұл түсірілім жұмыстарының сапасына ешкім де мін таға алмас! Манхэтеннің қақ ортасындағы Таймс – сквер бір сәтке жұмаққа айналған ба дерсің! Gucci-дің «Bloom» атты жаңа парфюмін таныстыруға арналған фототосессия үшін, әлемнің әр түкпірінен 500 түрлі гүл жеткізіліп, Нью-Йорктің ең атақты алаңында жаңа кәдімгі бақ пайда болды.

«50 оттенков серого» жұлдызынан бөлек, модельдер Хари Неф пен Петра Коллинз және дизайнер Алессандро Микеле бой көрсетті. Дакота Джонсонның ажарын аша түскен, құны 13 мың долларлық көздің жауын алар көйлек, Gucci-дің соңғы топтамасынан.

Фотосессия аяқталған соң, көпшілікке баққа кіріп, қалаған гүлдерін жұлып өзімен бірге алып кетуге мүмкіндік берілді.