vlcsnap-2017-08-07-10h08m06s015

Біздің бағдарлама арқылы тұсауы кесілген қазақ-поп музыкасының өкілдеріне шолу жасайтын боламыз

 

Рэйванстар, лойазлдар, айенстар, былайша айтқан кью-поп жанкүйерлері экранға жақынырақ жайғасамыз. Дәл қазір біздің бағдарлама арқылы тұсауы кесілген қазақ-поп музыкасының өкілдеріне шолу жасайтын боламыз…
Биыл, кью-поп субмәдениетін насихаттаушы жобалардың көшін «Блэк Дайл» бойзбенді бастап тұр. Жігіттер бүгінде фанаттар армиясын жасақтап, отандық щоу-бизнестегі танымал топтардың тізіміне еніп үлгерді.
«Black Dial» тобы:
Жауапкершілік көп! Яғни, халықтың көзінде, нысанада жүресің, адамға үлгі бересің дегендей…
Қара домалақтардың қатарын толықтырған бойзбендтер мұнымен шектелмейді. «Ньютон», «Рэд Блэйд», «МадМэн». Қазақ поп музыкасын дәріптеуді көздеген жас өрендердің өзіндік жекелей ерекшеліктері бар.
«MadMan» тобы:
Біздің фишкаларымыз, біздің құрамда өзге ұлттар бар. Мысалға, біздерде кәрістер бар, метистер бар.
«Red Blaidd» тобы:
Біздің топтың ерекшелігі, біздің топта 7 адам. Яғни, ол 7 біріншіден киелі сан және 7 деген басқа кью-поп топтарға қарағанда көбірек деген мағынада.
Кью-поп бағытын насихаттауда нәзік жандылар да белсенділік танытып келеді.
«Crystals» тобы:
«Кью-поп» бағыт ол біздің ойлауымызша кэй-поп пен жаңағы батыс өлеңінің қосылуы болып келеді.
Ziruza – жас әнші:
Олар қазір шет елдерді тыңдайды ғой. Сондықтан шет елді тыңдамай, біздің қазақи өлеңдерді тек кью-поп бағытында тыңдасын деген оймен, мақсатпен кью-попты таңдадық…
Иә, кью-поп өлкесіне қадам басқан өнерпаздар жайлы тың ақпараттар алдағы уақытта да «РЕВЮ» бағдарламасының назарында болмақ!