vlcsnap-2017-04-18-10h05m31s922

Біз үшін — жеңімпаз! Тақымын қысқан жұрт, Димаш Құдайбергеновке қолдау көрсетті

Қазақ өнерпаздары мен әншінің жанкүйерлері жиналып, «I Am a Singer» жобасының ақтық мәресін тікелей эфирде тамашалап, Димаштың өнеріне қолдау көрсетті.

Артур Төлепов, әнші, актер:
— Қазақ болғаннан кейін бір екенімізді, «жұмыла көтерген жүк жеңіл», — дейді. Осылай басқа өнерпаздың жетістігіне қуанып жүрсек, біздің өскеніміз.

Димаш ақтық сында Майкл Джексонның әндерінен попурри орындап, байқау нәтижесінде 2-ші орынды қанағат тұтты. Ал, талай халықаралық конкурстарда қанжығасы бос қайтпаған Алтынай Жорабаева, қазақ баласына бас жүлденің бұйырмауын былай түсіндірді.

Алтынай Жорабаева, әнші:
— Барып, жеңіп қайту өте қиынға түседі. Өйткені, сен мың жерден керемет болып тұрсаң да, ол өзінің елінен шыққан үміткерден ешкімді асырмайды. Менің оған көзім жетті. Біздің Димашымыз бүкіл әлемді таң қалдырған дауысымен, енді аспан асты елінде өткендіктен, олар бізге бере қоймайды ғой.

Ал, «I Am a Singer 2017» реалити-конкурсының гран-приін 51 жастағы Гонгконктық әнші Сэнди Лэм еншіледі.

Нұрдаулет Шертім, актер
— «I Am a Singer» егер Қазақстанда болса, біз Гран-при алатын едік. Ол Қытайда болғаннан кейін ғой, 2-ші орын алып тұрғанымыз.

Дәурен Айдарқұлов, актер:
— Димаш Құдайбергеновты әлемнің танығаны — ең басты жеңіс деп ойлаймын. Сондықтан, бұл үлкен Қазақстан үшін жеңіс.

Әр айналымда өзіндік стилімен елден ерек көрінетін Димаш, соңғы турда қандай шоу ұсына білді?

— Әр елдің балаларын жинағанда, нәсілі басқа деген сияқты. Оның өзі бір идея деп ойлаймын. Бөлінбейік, бәріміз бірге болайық дегенді білдіреді деп ойлаймын.
— Төрт-бес түрлі аспапты ойнай аламын деп айтқан. Бірақ, барабан ойнай алатынын бірінші рет көріп тұрмын. Өте керемет!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.