vlcsnap-2017-08-07-10h11m04s967

Биыл елді елең еткізген біраз ақпаратты «РЕВЮ» тілшілері бірінші болып таратты

 

Эксклюзивті материалдар шеруі тек кью-поп жобаларымен шектелмейді. Биыл елді елең еткізген біраз ақпаратты «РЕВЮ» тілшілері бірінші болып таратты. Біз жарыққа шығарған сенсациялар мен құпиялар жайлы Серікқазы Аязбаев тарқатып айтады!

Алғашқыда әлеуметтік желіде жанжалдасқан дизайнер мен әнші соңында сот залында кездеcіп, бір-бірінен 20 миллион талап еткен-ді. Алайда, 7-ші отырыста ғана оң шешімге келгендерін бірінші болып бізге мәлімдеді…
Жадо,сәнгер:
Мен кешірім сұраймын Меруерт ханым, бірінші бастағаныма, кешіріңіз…
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
Бірінші бастаған Жадыра Сахиева кешірім сұраса, сұрады! Менде екінші болып кешірім сұраймын.

Баянды бас салған бойжеткен!
Бұл Ревю камерасының объективіне іліккен экслюзивті кадр! Жаңа ғашығымен жұрт назарына алғаш рет шыққан Баян ханымға, бейтаныс бойжеткен тұра ұмтылған болатын. Дәл осындай тосын жайттардан шаршаса керек, экс-Есентаева 1 жыл бойы БАҚ өкілдерімен тілдеспейтінін біздің тілшілер арқылы жеткізді. Сондай-ақ, сенсация жасаудан азулы продюсердің шәкірттері де қалыс қалып жатқан жоқ! Ревю студиясында эксклюзивті сұхбат берген Ақбота, желіде жеке өміріне тіл тигізгендерді заң аясында жазалайтынын жеткізген еді.
Ақбота Сейітмағамбет,әнші, актриса:
Қатты дөрекі жазған, көңіліме тиген. Шектен шыққан, 2 кісімен сөйлестік. Көбісі қазіргі таңда ұйықтай алмай, менің жеке өмірімді қызықтап, өздерінің жеке өмірлерін ұмытып кеткен кісілерге айтарым, шамалы болса да, өз ойларын өздеріне сақтаса деп ойлаймын.
Әлем таныған Димаштың да жағымды жаңалықтары Ревю назарынан тыс қалмады. Құдайбергеновтің жаңа альбомы жайлы ақпарат, ең алғаш біздің эфир арқылы дүйім жұртқа тараған болатын.
Димаш Құдайбергенов,әнші:
Ішінде міндетті түрде қазақтың иісі шығып тұратын, қазақтың халық әндері болады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде де әндері болады. Бірақ, қытай тілінде де міндетті түрде әндері көп болады ішінде.