Бауыржан Байбек алматылық түлектердің үздіктер қатарына кіретініне сенімді

Сообщить о проблеме с эфиром
Балалық шағымызда «өскенде кім боласың?» деген сұраққа ғарышкер, мұғалім, ұшқыш деп жауап беруші едік. Бізбен салыстырғанда, бүгінгі балалар заман ағымына сай алуан түрлі мамандыққа таңдау түсірген. Тіпті, олардың арасында болашақ оқу орнын көздеп қойғандары да бар екен. Биыл елімізде 136 мың оқушы мектеп бітірді. Түлектер саны ең көп аймаққа Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы және Алматы қаласы кіреді. Мектеп бітірушілерінің көптігімен ерекшеленген шаһар әкімі Бауыржан Байбек, Алматыдағы білім ордасының біріне барып, жылы лебізі мен сенімін білдіріп қайтты. Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі : - Барлық ата-аналарды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Болашақта Алматы қаласының оқушылары ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша соңғы 5 жылдағыдай, үздіктер қатарына кіретіндігіне сенемін. Мектеп бітіруші тілектердің бірі оқу аяқталып, әкім арнайы келгеніне қуанса, енді бірі қатты толқығанынан айтарға сөз таппады. Нұрқанат Сабытов, түлек: - Өзім айта алмаймын... Қимаймын мектепті. Толқын Айдархан, түлек: - Мектебімді қимаймын әрине. 11 жыл оқыдық. Алда жоғарғы оқу орнына түсу үшін тестілеу, қобалжу бар әрине... Бүгін мектеп бітіріп отырған оқушылардың мамандық таңдауда талғамы әртүрлі. Негізі, елімізде жастар арасында үлкен сұранысқа ие мамандықтар көшін «юриспруденция», «дизайн», «жалпы медицина», «қаржы» салалары бастаса, керісінше техникалық салада мамандар мүлде жетіспейді. Сондай-ақ, ІТ, нано және биотехнологияны игерген кадрлар қазіргі нарыққа аса қажет. Болат Бекарыс, түлек: - Менің таңдау пәнім физика. Менің маманым болашақ энергетик болғым келеді. Әлия Кабденова, түлек: - Мен халықаралық құқық мамандығын таңдадым. Көп таңдап, осы мамандыққа тоқтадым. Диас Хамитов, түлек: - Өзім архитектура мамандығын таңдамақшымын. Қазақстанның сәулетіне үлкен үлесімді қосуға тілектеспін. Алда толғанысқа түсіретін Ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр. Бүгінгі түлек, ертеңгі талапкер сынақтан сүрінбей өтіп, қалаған маман иесі боларына тілектеспіз!