Батырды еске алу кешінен жаңа альбомға жететіндей қаржы жиналды ма?

Сообщить о проблеме с эфиром
Батырды еске алу кешінен жаңа альбомға жететіндей қаржы жиналды ма? Иә, Батырдың құрметіне ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға, Шүкеновтің жанына жақын әндері мен музыканттың көзі тірісінде өзі үлес қосқан шығармалары тоғыстырылған. Мәселен, Мәскеуге алғаш келгенде ағайынды Меладзелерге қолдау көрсеткен Батырға, Валерийдің айтар алғысы шексіз. Бұл концертте тәжік әншісі Далер Назаров пен өзбекстандық Севара Назархан да, бақилық болған Батырдың рухына ән арнады. Ал, әйгілі музыканттың еске алу кешін жүргізу мәртебесі Сағынай Абдуллин мен Жанар Дұғаловаға бұйырған. Жанар Дұғалова, әнші: - Маған концертті жүргізу туралы ұсыныс түскенде, бұл саланың кәсіби маманы болмағандықтан қатты қобалжыдым. Бірақ, Батырдай музыканттың еске алу кешін жүргізу үлкен мәртебе! Мен оның шығармашылығын бала кезімнен жоғары бағалаймын. Зал лық толы, ине шаншар жер жоқ! Ал, еске алу кешінен түскен қаржы Батырдың кезекті күйтабағын жарыққа шығару үшін жұмсалмақ. Алайда, Шүкенов атындағы қор директоры Олжас Байқанов, қажетті қаражатты жинау жоспары жүзеге аса қоймағанын айтады. «L» дуэті: - Батырхан ұлы музыкант! Ол тек Қазақстанға емес, ТМД-ға танымал азамат! Оның өнеріне халықтың құрметі де ерекше. Алайда, біздің меценаттар таланттарды қолдауда сараңдық танытатын сияқты. Бірақ, көзден кеткен Шүкенов көңілден кетпес үшін, осындай концерттерді жиі өткізу керек. Батырдың репертуарын сағынған тыңдарманның шөлін «Меццо» тобы қандырды. Кроссовер жанрында ән шырқайтын төрттік Шүкеновтің әндерінен попурри орындады.