Асқар Бисембин «Наурыз.KZ» комедиясын көрермен талқысына салды

Сообщить о проблеме с эфиром
«Халықтық комедия» ұғымын енгізген Асқар Бисембин, төртінші фильмін көрермен талқысына салмақ. Төл мерекені насихаттауға бағытталған алғашқы картина болса да, «Наурыз.кз» жаңашылдығымен таңдандыра алмады. Тимур Бекмамбетовтың «Елки» киносын көшіріп, Голливудтық туындылардың калькасын жасауына не түрткі болды? Кинотеатрдың қақ ортасына киіз үй тігіп, ұлттық аспаптан төгілген әуенмен қонақтарын қарсы алған Асқар Бисембиннің ерекшеленуге ынта танытқаны байқалады. Нағыз Ұлыстың ұлы күніндей бастаңғы жасап, әншілердің сауық кешін ұйымдастырған. Комедия оқиғаға да, кейіпкерге де бай. Еліміздің әр түкпірінде, одан қалды АҚШ-та орын алған сюжет желісінің шиеленісуі картинаға ерекше динамика беріп, көременді екі сағат бойы экранға телмірген күйі ұстап отырды. Аdemi, әнші: – Біздің режиссерларға деген сенім пайда болғандықтан, соңғы кезде кинотеатрға өзіміздің фильмдерді ғана көруге келетін болдым. Бұл комедияда да актерлардың ойыны мінсіз! Күнде көріп, араласып жүрген Кенталды экранда жаңа қырынан танып, таңқалдым. Ол расымен де ойнай алады екен. Дегенмен, біздің режиссерлардың бірізділігі жалықтырмай қоймасы анық. Қашанға дейін Қазақстандық көрермен тек комедияны місе тұтып жүре бермек? Асқар Ұзабаев, режиссер: – Біз фантастика, атыс-шабыс, триллер түсіріп Голливудпен жарыса алмаймыз. Дегенмен, көрермен өзіміздің әртістерді үлкен экраннан көргісі келеді. Коммерциялық кино - шығыны аз комедиямен ғана шектеледі. Өзге жанрларды таспалайтын деңгейге жеткен жоқпыз. Жеңісхан Момышев, режиссер: – Халыққа жақсы өтіп жатса, халық көріп жатса, көп ньюанстарды білмейді ғой халық. Бірінші халыққа жұмыс істейміз ғой. Егер де режиссерге жұмыс істейтін болсақ, ол фильм басқаша болар еді. Қазір бірінші орында комедия тұр. «Адель», «Замуж в 30», «Свадьба на троих» картиналарымен қосқанда, Асқар Бисембин де сұранысқа лайық болуды көздеп, бүгін төртінші комедиясын ұсынып отыр. Асқар Бисембин, режиссер: - Ричард Кёртистың «Реальная любовь», Тимур Бекмамбетовтың «Елки» картиналарына ұқсатқанымен, біздің фильмде ұлттық мереке, өзімізге ғана тән дәстүрлер бар. Ұқсатып жатса да, ұтылмаймын. Әлемдік режиссерламен деңгейлес көргені, мен үшін үлкен мадақ. Берік Айтжанов, Жанар Дұғалова, Кентал, Шәріп Серік, Саят Мерекенов сынды бас кейіпкерлерін қатыстырып, Бисембин «Наурыз.кз» - тің жалғасына сценарий түзіп қойған. Ұлыстың ұлы күніне дәстүрлі тарту іспетті.