Әсем Көпбаева шығармашылығын қайта жандандырып жатыр

Сообщить о проблеме с эфиром

Үш жылға жуық декреттік демалыста отырған Әсем Көпбаева шығармашылығын қайта жандандырып жатыр. Осы уақытқа дейін отандық шоу-бизнесте «рок әнші» ретінде танылған бикештің, бұл жолы ән әлеміндегі образы мен бағыты басқаша болмақ.

Әсем Көпбаева, әнші: -Өзгерістер болады құдай қаласа! Оның көрермендер көреді. Мен өзімді басқа бір жанрда көргім келеді. Оны көресіздер.

Декреттік демалыстан шығып, шығармашылығын қайта қолға алған Әсем, қазіргі таңда бейнебаян таспалап жатыр. Жаңа видеода Көпбаеваны енді отбасымен көре аласыздар.

Әсем Көпбаева, әнші: -Бұл клип арқылы мен біріншіден сахнаға оралып жатырмын. Екіншіден семьям бар, күйеуім бар. Айта кетейік, кішкентай бөбегіміз де осы бейнебаянға түседі. Бірақ оның рөлі кішкентай.

Бейнебаян желісінде жұбайлардың өмірі суреттеледі. Әзіл-қалжыңға құрылған туындыда, әнші Әсем келіндік қызметті атқарып, жарына деген құрметін көрсетпек.

Нұрғиса Әлмұрат, А. Көпбаеваның жұбайы: -Әннің сөздері сүйіктісіне бағытталған болғаннан кейін, мына кісінің сүйіктісі. Бұл кісінің сүйіктісі әзірге мен сияқтымын. Сол себептен менің түсуіме тура келді. Әрине, бұл ол жерде басқа актерларды алып ойнатсақ болатын еді. Бірақ өзімізі ойнайық! Көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап беретін шығармыз. Және отбасын құру соншалықты қиын емес деп айтқымыз келеді жастарға.

«Ризамын» әнінің авторы Максим Кичигин! Ұлытаулық музыкант бұл туындыны алғашқыда Шүкеновке арнап жазған екен. Батырхан бақилық болғанан кейін, композитор әнді Әсемге табыстапты.