Арыстанбек Мұхамедиұлы 2016 жылдың «Сәтсіз PR» рейтингіне қалай кірді?

Сообщить о проблеме с эфиром
Былтыр Қазнетте біршама оқиғалар дауға ұласып, біраз белгілі жандар жұрт сынына қалған еді. Бұл Алматыда өткен пиар-форумның да басты тақырыбы. Сарапшылар өзін жарнамалаймын деп жаңылып, ойланбай сөйлеп от басқан елге елеулі тұлғаларды тілге тиек етті. Биліктің де сәтсіз қадамдары айтылды. Серік Ноянбайұлы толықтырады. Осымен 13-ші мәрте өткен халықаралық РR-форум сарапшыларының талқылауында жұртты еріксіз күлдіріп6 әрі ашындырған тақырыптар болды. Ол 2016-жылдың «Сәтсіз PR» рейтингіне кірген үздік 10 қателік. Мұның кейіпкерлерінің басым көпшілігі билік өкілдері. Әлішер Елікбаев, PR-маманы: -Биліктің БАҚ пен байланыста болуы, әлеуметтік желілер арқылы халықпен дұрыс диалог орнатуы маңызды. Дегенмен, қазіргі мемлекеттік сектор, атқарушы билік пен соттардың коммуникацияны пайдалануда кәсібилігі төмен. Бүгінгінің ең сәтсіз рейтингіне кірген үздік он оқиғаның 80 пайызы билікке тиесілі болуы да сондықтан. Ел алдында жүріп, ресми мінбеде сөйлеп, халық тағдырына ықпал жасайтын атқамінерлердің әр басқан қадамы қашанда аңдулы. Аңдамай сөйлеген шенді, ауырмай өледі. Ол аузынан әрбір айтылған қате сөз үшін, кейін Қазнеттің антиқаһармандары болып шыға келеді. Осының барлығы атқарушы биліктің өзіндегі ешқандай пиар-стратегияның болмауы дейді мамандар. Досым Сатпаев, саясаттанушы: - Біздің депуттардың ойланбай айтқандары қазір аффоризм секілді ел аузында. Жұрт сынайды, келеке етеді де бұл кейін билік өкіліне деген сенімді түсіреді. Министр Арыстанбек Мұхамедиұлының да сапасыз сөздері өз имиджіне үлкен соққы болды. Тіпті қырғыз қыздары туралы айтқаны халықаралық дауға ұласа жаздады. Жаңылыс басамыз деп жұртқа масқара болудан қорқу кей мекемемелердің келешек жұмысына да кері әсері бар көрінеді. Проблеманы бүркелемелеп жасырып, бетперде киіп халықты алдауға тырысу ақымақтық дейді форумға келушілер. Айдос Сарым, саясаттанушы: - Билік органдарының халықпен қарым-қатынасы, әрбір қадамын өзінің қадамын дұрыс жеткізуі алдың қатарлы мәселенің бірі. Жылтыңдай берме, әйтпесе сені пиармен айналысып жүр деп айтады деген бірінші басшылардың қағидаты бар. Бұл айналып келгенде бүкіл ведомстваға, әкімдікке тарайды. Сапалы пиар-маманның қызметі мен кеңесіне сұраныс күн санап артуда. Елімізде де жоғарғы қабілетті бұл сала өкілдерін өсіру келешектің талабы. Саясаткер, кәсіпкер, қарапайым ауыл әкіміне де ел алдында жүру жауапты іс екенін терең ұғынатын сәт осы секілді.