vlcsnap-2017-08-07-10h16m06s591

Әрқашан көтеріңкі көңіл күйдің кепілі болған – НТК -ның құрылғанына биыл жиырма жыл!

 

Әрқашан көтеріңкі көңіл күйдің кепілі болған – НТК -ның құрылғанына биыл жиырма жыл! Ақпарат кеңістігіндегі позитив сыйлау міндетін арқалаған арнаның жаңа маусымда да ұсынары мол! Отандық телехикаялар – эшелонын қабыл алаңыз!

Қылмыскерлермен күресе жүріп, өздері де талай тәртіп бұзған Берік пен Серіктің хикаялары көрерменнің патша көңіліне бірден жақты. Сандарға сүйенсек, «Патрульдың» рейтингі көш басында. Тіпті, алыс-жақын шетел тұрғындары да тамашалап, телехикаяның тартымдылығына алғыстарын жаудырғанды.

Сондықтан да, полицейлердің әзілге толы шым – шытырық оқиғаларын көпшілік ұзақ күтті.
Медет Аманбаев, актер, сценарист:
Әр маусымды біз бір-біріне ұқсамайтындай қылып жазуға тырыстық. Шендеріміз өспейді, бірақ болатын оқиғалар өте қызықты қылып жасадық.
НТК-ның жаңа маусымдағы тосын сыйларының бірі – дәл осы «Патруль» сериалының үшінші кезеңі.
Тіл үйрену үшін ауылға барып, топырағына аунап – қунаған «Орыстардың» да бірінші маусымы сәтті шыққанды. Солтүстіктің сары балалары Семен, Женя мен Сергей қазақша тіл мен дүниетанымға тереңірек бойлауға әлі де ниетті. Сондықтан, Шымкенттіктерден үйренуге кірісті. Екінші маусымы күздің күні – біздің эфирде.

Данышпансымақ — Сабын, қара күш иесі – Тайсон мен «гламурный» сері – Айбек те экранға қайта оралады.  «Ауылдастардың» екінші маусымы түсіріліп,
Маусымның ең ауқымды тұсаукесері — «Қағаз кеме» телехикаясы! «91» — лік мемберлер басты рөлді сомдайтын картина тек иглздың ғана емес, барша көрерменнің де оң жамбасынан келері анық. Сюжетте заманауи мектеп қабырғасындағы бала махаббат, албырт сезім, достық сынды құндылықтар суреттелмек.

«Ninety one» тобы:
Ол мектеп Қазақстанда жоқ мектеп. Мен кішкентай кезімде армандаған мектеп ол.

Он сегіз жылдан бері эфирден түспей, интернеймент бағытындағы күллі жаңалықты бірінші болып жеткізетін «Ревюді» де жаңа форматта тамашалайсыздар! Мерейтойлы маусым тосын сыйға толы болмақ!