Әнші Зируза алғашқы клипінің түсіріліміне кірісті

Сообщить о проблеме с эфиром
Зируза, репертуарындағы алғашқы видеосына «Айт енді» әнін таңдапты. Кью-поп бағытын насихаттаушы бойжеткен, жаңа клипінде ұяң жігіттерді келеке қылады. Ziruza, әнші: - «Айт енді» деген негізі махаббат туралы ғой. Қыздың жігітке деген сұрағы да, жауабы да. Айт енді дегендей... жігіт қызға өзінің сезімін айта алмай тұр. Сондықтан қыз оған: айтсайшы, не болып қалды? - деген мағынада. Ерлан Әлімов, продюсер: - Біздің заманда ұялшақ жігіттер өте көп негізі. Бірінші ешқашан бастамайтын. Сценарий бойынша оның жігіті бар. Бірақ, бірінші қадам жасауға ұялады. Басқа қыздармен жүреді, бірақ Зирузаға жоламайды. Бұл бейнебаян төрт локацияда түсіріледі. Дәл қазір таспаланып жатқан қойылымға тозығы жеткен ескі ғимарат таңдалыпты. Ерлан Әлімов, продюсер: - Ешкім кедергі жасамайды осы жерде, сосын осы ғимаратты бояуға бізге рұқсат берген. Басқа жерге түсірсек рұқсат бермейтін еді. Жақсы бір ғимартты табу үшін, осы ғимарттың ішінде бөлмелерді бояу үшін көп уақыт кетті. Иә, Зирузаның шығармашылығындағы жағымды жаңалықты фанаттары да тағатсыздана күтіп жүр. Әлеуметтік желіде әнші қызға жиі сауал жолдайтын табынушыларына кумирінің айтары бар. Ziruza, әнші: - Менің жанкүйерлеріме және мені білетін барлық адамдарға айтарым жақын арада біздің жаңа бейнебаянымыз шығады. Оның тұсаукесері жақына арада болады, сондықтан күтіңіздер! Ал, лойалздар көптен күткен клип мамыр айының басында музыкалық арналарда көрсетіледі.