Америкалықтарды қазақша сайратқан қобыздың құдіреті!

Сообщить о проблеме с эфиром

«The Spirit of Tengri 2017» этно-фестивалі қандай ерекшеліктерімен ел есінде қалды?!

Бұл жолы Алматы жұршылығына музыка мерекесін тарту еткен «The Spirit of Tengri» - мульти-мәдени фестивалі. Аталмыш жобаның мақсаты – Қазақстан жерінде заманауи этникалық музыка өнері өкілдерінің басын қосып, Ұлы Дала және бүкіл әлем халықтарының мәдени мұрасымен таныстыру. Бұл Башқұртстаннан келген «Folk Project Katya Yamshchikova» командасы. Қазақстандағы музыка фестивалінің тұрақты қатысушысына айналған ұжым, орыстың халық әндерін шырқайды. Екатерина Ямщикова, әнші (Башқұртстан): - Бірінші нотадан, бірінші дыбыстан-ақ, қазақстандық аудиторияның бізге деген қызығушылығын, өзге елдің өнеріне деген құрметін байқадық. Дәл осындай қолдаудан шабыт алып, ерекше әсерге бөленіп тұрған жайымыз бар. Қазақстандық тыңдарман өзге ел өнерпаздарына дәл осылай демеу берсе, біздің құндылықтарымызды ұлықтайтын шет елдіктер де жетерлік. Мәселен, ұлттық аспабымызға аңсары ауған АҚШ азаматшасы қобыз бен қазақ тілін қатар меңгеріп, аталмыш шараға арнайы келген. Меган Рансер, Америкадан келген қонақ: - Маған өте ұнайды. Өте қызық. Көптеген қызық адамдар осында және музыкасы өте жақсы. Мен Қазақстанда қобызды үйрендім. Бүгінде этно әуенге жастардың да бойы үйрене бастағандай. Олар ашық аспан астындағы музыка мейрамын тойлауды жылдағы дәстүрге айналдырғаны қашан. Мәди Рымбаев, жас әнші: - Жыл сайын барып тұрамыз достарыммен. Әр түрлі музыка ойнайды, этно және де тарихын білесің. Маған ұнайды, жай ғана рахаттанып тыңдау керек. «The Spirit of Tengri» жобасы ең алғаш рет 2012-ші жылы ұйымдастырылған болатын. Өткен төрт жылда фестиваль сахнасында әлемнің 40 елінен жиналған этно-ұжымдар мен орындаушылар өнер көрсетті. Биыл, «ЕХРО-2017» көрмесі мен мерейтойдың құрметіне орай, Елордада әлем музыканттарының басын қоспақ.