«Алл давайлық» Шоқан бойдақтықпен қош айтысты!

Сообщить о проблеме с эфиром
Отыз бес жасқа жеткенше салт жүрген «Алл давайлық» Шоқан Маратұлының жүрегін жаулаған ару ақыры табылды. Сері сүйіктісіне қаладағы кинотеатрлардың бірінде жүзігін ұсынып, шаңырақ көтеруге келісімін алды. Бұрын соңды бұрымдылар алдында илікпеген жігітті тізе бүктірген қай бикеш? Шоу бизнестегі талай сылқыммен көңіл қосты деген ақпарат желдей ескенімен, Шоқанның өзі «жан жарым бұл әлемнен алыс болуы керек» дегенді жиі қайталайтын. Расында, олар бизнес аясындағы қызметтік кездесу барысында танысты! Келбеті келісті, мүсіні мінсіз хас сұлу әр жүздескен сайын өзіне еліткенін айтады, - сері. Анельдің қуыс кеуде еместігіне көз жеткізу мақсатында әбден сынаққа салған. Шоқан Маратұлы, «АLL давай» тобының мүшесі, бизнесмен: – Әдейі отбасы жайлы сөз қозғап, көзқарасын білуге тырыстым. Достарыммен таныстырып, өзін қалай ұстайтынына да қарайтынмын. Ақылды, байсалды, әр мәселеге өзіндік ойы бар болғаны үшін баурады. Мен 35 жасқа дейін шаңырақ көтеріп үлгеруім қажет деген мақсатым орындалды. Олардың махаббат отын маздатқанына небәрі бес-ақ ай! Дегенмен, аз уақыттың өзінде сарыла тосқан сол бір жалғыз жанды кезіктіргенін ұққан. Сондықтан да, бірден жүрегін ұсынуға бекінгенді. Бірақ, бұл қадамға дейін сері сүйіктісін анасымен таныстырып, болашақ қайын атасының алдынан өткен. Шоқан Маратұлы, «АLL давай» тобының мүшесі, бизнесмен: – Жастық шақта атаққа құмарттық, табынушыларым артса деген мақсат болды. Дәл қазір маған есейіп, бар назарымды жанұяға бағыттайтын кез жетті. Енді, мен бизнеске көбірек ден қойып, сахнадан алыстаймын. «Алл давайға» тепсе темір үзетін жас жігіттерді жинап, өзім продюсерлік етуде көздеп отырмын. «Етжақындарым мен жаныма жалау болған достарым арасында, шетелде той жасауды қалағанмын», - дейді. Дегенмен, дәстүрден аттап кете алмаған. Сондықтан, қазақи жөн-жоралғының бәрі топтастырлыған той жасамақ ниетте. Жақын күндері ғашығына сырға салып, құдаласу жоспарда. Ұлан-асыр тойды мамыр айына белгілеп қойыпты. Шоқан Маратұлы, «АLL давай» тобының мүшесі, бизнесмен: - Болашақ жарым да бизнесте жүргендіктен, оның ісін әрі жалғауына тосқауыл болмаймын. Дегенмен, оның бірініші кезекті отбасының жылулығын сақтап, бала тәрбиесімен айналысқанын қалар едім. Сол міндеттерді мінсіз атқарған соң ғана өзге іске мойын бұруына қарсы емеспін. Сүр бойдақтар қатарын азайтқанына шын қуанған Шоқанның ендігі арманы - көпбалалы отбасының лайықты отағасы болу.