Әлем таныған Димаштың алматылық фанаттары кумирінің туған күнін қалай тойлады?

Сообщить о проблеме с эфиром
Бүгін жаһан жұлдыздары Ева Лонгория мен Лара Фабиан Димашты туған күнімен құттықтады. Әншінің Қытайлық фанаттары да қалысар емес, Астана қаласындағы барлық лэд-экрандарды жалдапты. Енді елорда тұрғындары күні бойы Димаштың бейнероликтерін тамашалайтын болады. Кумирінің туған күнін тойлауда алматылық жанкүйерлер де белсенділік танытып отыр. «Димаш-Верный» деп аталатын фан-клубы жас әншінің меншікті мерекесінде қайырымдылық шара ұйымдастырған. Құдайбергеновтің суреті бейнеленген түрлі тәттілер мен плакаттар арнайы жасалып, игі бастамаға қол ұшын созған жандарға табысталады. - Сізге «Димаш_Верный» фан-клубының атынан сыйлық. Рахмет, осындай іс-шара өткізіп жатқандарыңа қуанышытымын. Димаштың туған күні бәрімізге құтты болсын. Нұрсұлтан Асқарұлы, Д. Құдайбергеновтың фанаты: - Біздің қайырымдылықтың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі және балалар үйіндегі балалардың көңілін көтеріп, оларға барынша көмектесіп, концерттік бағдарламалар бар. Димаш ағаның жанкүйерлерінің атынан барлығымыз бірігіп, осындай қайырымдылық ұйымдастырып отырмыз. Талантты ұлға деген тосын сыйлар легі мұнымен шектелмейді. Димаштың оңтүстік астанадағы жанкүйерлері туған күн қарсаңында, қарапайым халықтың бірнеше мыңға жуық құттықтауын топтастырып, ақ тілектер жинағын әншіге табыстамақ. Шырайлым Данышпан, Д. Құдайбергеновтың фанаты: - Құрметті Димаш аға, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Алматылық Dears-тар сізге арнап, 500 000 тілек жазып жатыр. Жақын арада сізге кітап ұсынатын боламыз. Күтіңіз... Дінмұхамед Құдайбергенов 1994 жылдың 24-ші мамырында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Өнерге бала кезден құштар Димаш, ән әлемінде «Дайдидау» атты туындымен таныла бастады. Бүгінде қазақстандықтандық фанаттары әлем таныған талантты ұлдың өнерін насихаттаудың жаңа жолын тапқан. Ал, алматылық табынушылар флешмобтың алғашқы орындаушылары болмақ.