vlcsnap-2017-07-17-09h46m05s510

Актриса Айнұр Ниязова «Ла-Ла Ленд» фильмінің саундтрегін орындап шықты

Қазақстандық актриса Айнұр Ниязова жанкүйерлерін таң қалдырды. Әртіс өзінің Instagram парақшасына оскарлы «Ла-Ла Ленд» фильмінің саундтрегін орындап шыққан бейнежазбасын жариялады. Ниязова әйгілі «City of Stars» композициясын орындаған.

Айнұр Ниязова мюзикл түсіріліміне қатысқысы келетінін де жасырмады. Оның ойынша, нағыз әртіс – актерлықпен қатар, ән салып, би билейтін өнерлі жан болуы тиіс. Айнұрдың бұл шағын бейнеклипін жанкүйерлері де жылы қабылдап жатыр.