Ақан Сатаев Асылбек Еңсеповке бейнебаян таспалап бермек!

Сообщить о проблеме с эфиром
Біраздан бері сахнадан қол үзген Асылбек Еңсепов інісі Сырымтаймен бірігіп, жаңа туындыны жарыққа шығармақ. Бейнебаянына режиссерлік етуге Ақан Сатаевтың өзін көндірген. Ұсақ-түйекке бас қатыра бермейтін Сатаев қандай дүние әзірлемек? Мансап жолының басында АБК тобының «Тамшылар» әніне бейнебаян таспалағанымен, Ақан Сатаевтың бүгінде кинодан өзге іске мойын бұруға құлқы жоқтын. Дегенмен, қолқалап қоймаған Асылбек Еңсеповтың бетін қайтара алмапты.